ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

20:41, 12 наурыз 2019

Жыл сайын Қостанай көшелеріндегі қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл ретте әкімдік халықтың сын-пікірін қаперге ала отырып, жаңашылдықтарды енгізуде. Мәселеен, енді көпшілік жол құнын электронды түрде төлейтін болады. Одан басқа, автобустарға бейнебақылау құрылғылары орнатылмақ.

Шаһар көшелерінде сыртына түрлі жарнама жапсырған алабажақ автобустар сап тиылғалы көп болмады. Ендігіде әрбір қоғамдық көліктің қос бүйірінде Қостанай қаласының таңбасын бейнелеу – міндет. Жүргізушілер де біркелкі киім мәдениетіне көшеді.

Қоғамдық көліктерде міндетті түрде екі бейнебақылау камерасы орнатылуы тиіс. Сондай-ақ, ҰОС және тыл ардагерлеріне тағы да басқа топтарға көрсетілетін жеңілдіктер міндетті түрде сақталып, бұл уақытқа дейінгі талаптар да өз күшін жоймаған. Тасымалдаушы тарап, жаңашылдыққа бет бұрып, жолаушылардың үдесінен шығу басты мақсатымыз дейді.

Айта кету керек, жолаушылар көлігімен айналысатын кәсіпорындар байқауы сәуірдің сегізінші жұлдызында өтеді. Ал электронды төлем қабылдау құрылғыларын іске қосу маусымның бірінен бастап жүзеге асырылады.

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:37, 19 наурыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
20:38, 18 наурыз 2019
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар