ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ АЙЫНДА 14 КҮН ДЕМАЛАДЫ Толығырақ

Кәсіпкерліктің дамуы - ел әлеуетінің артуы

18:13, 13 ақпан 2018

Тәжірибе дәлелдеп отырғандай, кейбір алпауып кәсіпорындарға қарағанда, шағын бизнес нысандары нарыққа тез бейімделіп, дағдарысқа төтеп беруде. Федоров ауданының тұрғыны - Антон Павлов башылық ететін жиһаз цехы осы сөзімізді қуаттайды. Кәсіпорын импорттық өнімдерді ығыстырып, өз жиһазымен аудан нарығын бағындыруда.

Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалауды жөн көреді жергілікті жұрт. Оған беріліп отырған мүмкіндік те мол, сатып алатын жиһаздың сапасы да жоғары. Федоровтық іскер азамат басқаратын шағын цехта үйге керекті жиһаздардың бәрі жасалады. Құны да қолжетімді. 

Төзімділік, еңбекқорлық, мақсатқа жету және өз-өзіне сенімді болу. Осы маңызды қасиеттердің барлығы жас кәсіпкердің бойынан табылды. Кезінде қарапайым жұмысшы болып істеген азамат қазір цех басқарады. Әрине, әуелде бизнесті бастау оңай болмағанын жасырмайды ол. Талпыныс бар жерде, табыс та молаяды, - дейді.   

Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан, Антон алдағы күнге үлкен сеніммен қарайды. Үкіметтің қашанда қолынан іс келетін еңбекқор жандарға зор қолдау көрсететінін біледі. Сондықтан, кәсібінің көлемін кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысуды да көздеп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘРТАРАПТЫҒЫ
18:00, 22 ақпан 2019
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘРТАРАПТЫҒЫ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:38, 21 ақпан 2019
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
20:56, 18 ақпан 2019
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ АЙЫНДА 14 КҮН ДЕМАЛАДЫ
10:19, 20 ақпан 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ АЙЫНДА 14 КҮН ДЕМАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
20:38, 18 ақпан 2019
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...