ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

20:08, 13 қаңтар 2020

2020 жылы облысымызда шағын несие беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2 млрд. теңгені құрайды. 526 жобаға қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы Министрлігімен осындай жоспар белгіленді. Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында шағын және орта бизнестің дамуы мен оған көрсетілетін қолдау шаралары айтылды.

Мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді Тобыл өңірінің тұрғындары тиімді пайдаланып, ісін дөңгелетіп әкетукендер аз емес.  Былтыр бизнес идеясын іске асыруға ынталы  3140 адам «Бастау бизнес» пен «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерліктің әліппесін меңгерді.  2019 жылы шағын және орта кәсіпкерлік несиелендіруге   3 млрд.  тенге бөлінсе, оның 2 млрд 700 млн теңгесі елді – мекендерге қарастырылған.  Бизнес жобалардың басым бөлігі ауылда  мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. 

Аймақ аруларының бизнеске деген қызығушылығы артқан. Бұған мына көрсеткіштер толық дәлел. Былтыр әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға 635 млн теңге қаржы жұмсалды.   Жоспар артығымен орындалған. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тарапынан ұсынылған    159  жоба қаржыландырылды.

Бизнес жобалар облыстың  әлеуметтік – экономикалық ахуалын жақсартуға оң ықпалын тигізіп отыр.  Қаржы ұйымдары берген мәліметке сенсек, 2019 жылдың 11 айында моноқалаларда  жеке кәсіп ашқан азаматтар ондаған жұмыс орнын құрып, отандық бизнесті дамытуға салмақты үлес қосып жүр. Биыл  шағын несие беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2 млрд. теңгені құрайды.  526 жоба қаржыландырылады.

 Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
20:30, 26 маусым 2020
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
Толығырақ...