ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТПЕК

20:29, 5 желтоқсан 2019

Халықаралық қаржы ұйымдары Қостанай облысымен бірнеше бағытта тығыз қарым-қатынас орнатуда. Әсіресе, шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға әлемдік деңгейдегі банк өкілдері қомақты қаржы құюда. 2017 жылғы «INVEST forum» аясында Азия даму банкі мен облыстық әкімдік арасында өңірдегі шағын жіне орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілген болатын. Аталмыш меморандум аясында ирландиялық сарапшы Лиам Уилсон кәсіпкерлік саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Қаржылық сауаттылық. Әлемдік тәжірибедегі цифрлық қызметтер. Осындай тақырыппен өңірімізде бизнес-семинар өтуде. Облыстық әкімдікпен пен Азия даму банкінің қолдауымен басталған іс-шара шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында ұйымдастырылып отыр. Билік пен бизнес өкілдері бас қосқан семинарда қаржы саласында 40 жылдық тәжірибесі бар ирландиялық сарапшы Лиам Уилсон өңірлік кәсіпкерлерге экономикалық өрлеудің қыр -сырын үйретуде.

Облыс экономикасының басым бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Үш күндік семинардың мақсаты - шағын және орта кәсіпорындардың зияткерлік меншікке қатысты практикалық мәселелерін талқылау, басқарудағы әлеуетті өсіру,сондай-ақ халықаралық тәжірибені бизнес саласында қолдану.

Шағын және орта бизнес жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізіп, экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Семинар барысында кәсіпкерлікті дамытуда түйгеніміз мол дейді кәсіпкерлер.

Елбасы айтпақшы, шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20% орнына кемінде 50% өндіретін болады. Демек, еңбек өнімділігі 5 пайызға дейін өседі. Екіжақты меморандум аясында кәсіпкерлердің тізімі жасақталған бірыңғай база жасақталған.  Деректер базасына шағын және орта бизнестің тіркелген заңды тұлғаларының салалық құрылымы бойынша көрсеткіштерді көруге болады екен.

Кәсіпкерлікті дамыту – ел әлеуетін арттыру. Облыс аумағында мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдалану арқылы, өз ісін ашқан азаматтар қатары арта түскен. Кәсіпкерлік, индустриялды - инновациялық даму басқармасының мәліметтеріне сәйкес, шағын және орта бизнесте тіркелген кәсіпкердердің саны 50 мыңнан асады. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар шағын және орта кәсіпорындардағы зияткерлік меншікті тиімді пайдалану бойынша маңызды мағлұматтар ала алды.

Гүлжан Жеңіс

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...