ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАНЫ ДАМЫТУҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

20:32, 11 сәуір 2019

Қостанай облысының жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнес үлесі 25 пайызға тең. Биыл бұл көрсеткішті 3 пайызға дейін өсіру керек. Кәсіпкерлік саланы дамыту мәселелері талқыға салынған жиында Архимед Мұхамбетов аудан, қала бсшыларына осыны қадап тапсырды. Облыс әкімі несиелендіру тетіктерін тиімді пайдаланып, ішкі өнім көлемін арттыруға баса мән берді. 2019 жылы өңірдегі бизнес жобаларды қаржыландыруға 6 млрд теңге бөлінді.

Қазақстанның жалпы  ішкі өніміндегі шағын және орта бизнес үлесін 28 пайызға өсіру-Елбасының тікелей тапсрымасы. Кәсіпкерлік саланың әлеуетін жақсарту мақсатында өңірде кешенді жұмыстар атқарылуда. Нәтиже жоқ емес. Шағын және орта бизнес секторы бойынша көрсеткіштер көңілге қонымды.

Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік бағдарламалар салмақты үлес қосуда. Бизнестің жол картасына былтыр 2 млрд 759 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа істің көзін тапқан   200- ге жуық азаамттың бизнес жоспары  қаржыландырылды. Жалпы, республика бойынша несиелерді субсидиялау жөнінен Қостанай өңірі 6 орынға жайғасқан.

Дегенмен, жалпы ішкі өнім көлемі жөнінен кейбір аудандардың жұмысын сынға алды аймақ басшысы.  Жангелидн, Жітіқара, Қамысты, Қостанай, Меңдіғара , Ұзынкөл аудандары мен Лисаков қаласында белгігенген жоспар орындалмаған. 

Бизнес жобаларды қаржыландыру жұмыстары биыл да жалғасады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға  6 млрд. теңге қарастырылған. Бірінші тоқсанда 80 жобаға қолдау көрсетілді. Мамыр айында бизнестің жол картасы аясында Елбасы тапсырмасымен гранттық қаржыландыру екі есе ұлғайды. Бұл жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
20:30, 7 маусым 2019
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
20:32, 30 мамыр 2019
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...