ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАҒА ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙҒАН

20:08, 13 қазан 2020

Соңғы жылдары ауылдық жерлерде кәсіп ашып, тұрмысын түзеп жатқан азаматтар көбейген. Істің көзін тапқан село тұрғындары тек өздерін ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтуға жәрдемдесуде. Шағын қаржылық ұйымдар ұсынған жеңілдетілген несиелендіру жүйесі аясында шағын және орта бизнес секторы ілгері көшке іліккен. Дәл осындай қаржыландыру мекемелерінің бірі «Атамекен» палатасында орналасқан. Аталған ұйым арқылы аймақта қанша несие ұсынылды? Ашылған кәсіпорындар қандай салаларды қамтиды? Тілші материалы

Шағын қаржылық ұйым Облыс әкімдігі мен «Атамекен» палатасының қолдауымен осыдан төрт жыл бұрын құрылды. Оның негізгі міндеті - кәсіпкерлікті енді бастаған іскер жандар мен ісін кеңейткісі келген азаматтарға үстемақысы төмен кредит беру. Осы уақыт ішінде елді- мекендер мен моноқала тұрғындарына 314 микрокредит берілді. Несие сомасы 2 млрл. теңгеден асады. Бизнес бастамалар мал шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешені,  қызмет көрсету салаларын қамтыған. 

Тиімді несиелендіру жүйесі аясында ондаған сән салондары, кондитерлік цехтар, жарнамалық агенттіктер, медициналық оңалту орталығы ашылды. Ауыл шаруашылығында  өңдеуші сектордың жұмысы жанданды. Ірімшік өндірісі мен  шұжық өнімдер шығаратын   кәсіпорындар пайдалануға берілді. 

Шағын қаржылық ұйым да  отандық кәсіпкерлікті дамытуға, бизнес өкілдерін қолдау мен қызмет көрсетуге бағытталған. Мемлекет ұсынған аталған  мүмкіндік  аясында  кәсібін жаңадан бастаған бизнесмендер қатары артқан. Жұмыссыздар саны төмендеген. Іскер кісілер өз жобаларының  арқасында  500- ге жуық адамды  еңбекпен қамтып отыр.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...