ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК – МАМАНҒА ЖҰМЫС, ЕЛГЕ – ЫРЫС

20:50, 3 қыркүйек 2019

Президент өз Жолдауында жаппай кәсіпкерлікті дамыту – санаға сіңген масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсетеді, деді. Биыл Қостанай облысында шағын және орта бизнесті дамытуға үкіметтен 2 миллиард 133 миллион теңге қаржылай қолдау жасалған болатын. Бұл жәрдем облыс аумағындағы 54 мыңнан астам шағын кәсіпорындардың жұмысын жүйелі жолға қоюға игі әсерін тигізуде.

Үкіметтің «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес қаралған қаржылай қолдаудың арқасында соңғы жылдары облыс аумағында шағын және орта кәсіпкерліктің   дами бастағаны байқалады.Шағын кәсіпорындардың қатары көбейген соң,олардың тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты шектеуге игі ықпалы да арта түскен.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы  жеке кәсібін ашуға талаптанушыларға шағын несие беруді де жүйелі түрде жүзеге  асуда.Биыл облыс кәсіпкерлеріне үкімет тарапынан 2 миллиард 133 миллион теңге қаржылай қолдау жасалған болатын.Мұнан тыс 60 миллион теңге қайтарымсыз несие гранд та берілген.

Мақсат – мемлекеттік бағдарламаларды қалай жүзеге асыруға болатынын тұрғындарға түсіндіру. Осы арқылы  олардың  осы жобаларға ат салысып,жеке кәсібін ашып, еліміздің дамуына үлес қосуына мүмкіндік туғызу дейді сала мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар