ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҮШ ЖЫЛҒА САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

20:19, 21 қаңтар 2020

Елімізде жаңа жылдан бастап кәсіпкерлерді 3 жылға дейін салықтан босату туралы заң күшіне енді. Президент Жолдауының бұл бағыты ішкі сауданы арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Осы ретте, мемлекеттік Кірістер департаментінің мамандары Қостанайда ашық есік күнін өткізді. Сала мамандарының атап өтуінше, кәсіпкерлік сала бүгінде жалпы ішкі өнімнің 40 пайызын құрап отыр.

Салық кодексіне енгізілен мұндай өзгерістер кәсіпкерліктің өрісін кеңейте түсетіні анық. Шағын және орта бизнес экономикаға серпін беретін саланың бірі. Кәсібімізді бұндай қолдаудың арқасында кеңейтіп алсақ, жаңа жұмыс орындары да пайда болады. Ал, еңбекпен қамтылғандардың қатарының артуы – ел әлеуетінің артуы, дейді бұндай жаңашылдыққа қуанып жатқан кәсіпкерлер. 

Өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Әзірге 3 жылға. Шағын бизнес субъектілері енді табысқа салынатын салықтан яғни, 2023 жылға дейін босатылды. Тексерістерге де осы мерзім аралығында шектеу қойылды.  

Жаңа салықтық кодекс шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған дейді мамандар. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға қысқарту қарастырылған.  

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІНДЕ ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
20:30, 31 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІНДЕ ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК...
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
20:17, 30 наурыз 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕКӨПІР АРҚЫЛЫ ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ЖЕЛІ  ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:16, 30 наурыз 2020
ТЕЛЕКӨПІР АРҚЫЛЫ ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:27, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...