ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

20:25, 28 қазан 2020

Ал, Қарасу ауданында шаруа қожалықтарының көмегімен біраз мәселенің түйіні шешілген. Ауылдық жерлерде әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жолдар жөнделуде. Мектептер жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына қалыпқа келтірілуде. Білім беру мекемесінің электр желілері ауыстырылып, жаңадан сумен жабдықтау құрылғысы тартылды.

Жергілікті кәсіпкерлердің әлеуметтік нысандарды жөндеуге жұмсаған қаражаты, қосқан үлесі қомақты. Жамбыл орта мектебі – осындай игі істің жарқын көрінісі. Білім мекемесін ағымдағы жөндеуден өткізуге бизнесмендер қол ұшын беріпті. Нысанның  инженерлік-кәріз желілері толығымен жаңартылды.  Мұнда жаңадан  су құбыры тартылды.  Қазір ескі электр желілері ауыстырылуда. 

Қазір Жамбыл селолық округінде бір мыңнан артық адам тұрады. Ауылдағы ағайынның негізгі табыс көзі- өсімдік және мал шаруашылығы. Бұнда 19 шаруа қожалығы тіркелген. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің әлеуметтік салаға көңіл бөлінуінің арқасында, ауылдың ажары кірген. 

Сапалы ауыз су мәселесі де бірте бірте шешіліп келеді. Восток және Қарасу елді- мекеніне жаңадан  су таратқыш жүйелер орнатылады. Құрылыс былтыр қазан айында басталды. Инфрақұрылымдық жоба аясында межеленген жұмыстардың тең жартысы орындалды. Ұзындығы 36 шақырым құбыр тартылды. Ауыл тұрғындары ауыз суден енді тапшылық көрмейтін болады.

Биылғы жыл фермерлер үшін де табысты болды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан егін  бұл өлкеде бітік шықты. Орақ науқаны  тиісті мерзімде өткізілді. 

Биыл аудан бойынша 704 мың гектер жерге дәнді дақылдар егілді. Оның 633 мыңына  астық себілді. Аудан бойынша   777 мың тонна өнім  қамбаға құйылды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...