ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

КЕШІРІЛГЕН КРЕДИТ

20:47, 12 қыркүйек 2019

«Қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту» туралы Президент тапсырмасына сәйкес, өңірімізде қарыздан құтылатын борышкерлердің тізімі жасақталып, бұл көмекке біразы ие болып та үлгерген. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік әлжуаз топтағы азаматтардың несиесін өтеп беруге мемлекеттен 105 млрд теңге қарастырылған. Қыруар қаржыға мемлекет жалпы сомасы 3 млн.теңгеден аспайтын несиесі бар азаматтардың 300 мың теңге борышын жауып береді.

Мемлекет басшысының әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 300 мың теңгелік көлеміндегі несиелік берешегін жабамыз деген жарлығы баршаны қуантқаны анық.  Атаулы сумма аз қамтылған отбасыларға әжептеуір көмек болары сөзсіз. Қазірдің өзінде осы көмекті алуға тис 500 мың адамның тізімі жасалып та  қойылған. Бұл тізімде көп балалы аналар, жетімдер, атаулы көмек алатын отбасылар да бар. 

Егер сіз  арнайы бекітілген талапқа сай болып,  көмек алатын тұлға санатында бола тұра несиеңіздің өсім пайызы кешірілмесе,  арнайы жауапты мамандарға хабарласып білуіңізге болады. Әртүрлі себептермен тізімге ілінбей қалған азаматтарды, әлі де сұраныс бойынша тіркеп үлгеруге болады екен.

Қазіргі уақытта сіз өзіңіздің жағдайыңыз туралы және оны шешу жолдары туралы кеңес алу үшін:

ҚР ЕХӘМҚ-ның «111» байланыс орталығы

ҚР ЕМӘҚМ-нің қосымша телефондары ( Нұр-сұлтан қ.) : 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78

Қостанай облысы бойынша: 54-08-43, 50-04-17

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:37, 21 қазан 2019
ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:39, 17 қазан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...