ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ

20:13, 19 қараша 2020

Агросаланы кешенді цифрландырудың арқасында қазақстандық өнімдер әлем сұранысына сай болып отыр. Бәсекеге төтеп беруге қауқарлы кәсіпорындардың бірі - Федоров ауданындағы сүт фермасы. Қазіргі күні мұнда сауын сиырлардың саны 360-қа жеткен. Тәулігіне 6000 тонна өнім өңдеуге қуатты. Ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар сүт өнімдерін сыртқы нарыққа да шығарып жатыр.

Бұл кешеннің құрылысына бас-аяғы 400 млн теңге жұмсалған. Сүт фермасының ерекшелігі әр сиырдың қай уақытта, қанша сүт бергені, салмақ қосқаны, қанша азық жегеніне дейін компьютерлік базада сақталады.

Ферманың құрылғылары ғана шетелдікі емес. Өнім беретін түлік те шекара асып келген. «Голштино-фриз» деп аталатын сүтті сиырлар. Былтыр 46 млн теңгеге 99 бас қашар сатып алынған екен. Фермада сауу залы, мал төлдейтін және серуендейтін алаңдар да жұмыс  істейді.
 

Ал жергілікті биліктің айтуынша биыл «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Германиядан 450 бас сиыр сатып алынбақ. Сондай-ақ, жергілікті асыл тұқымды мал басын көбейту де көзделіп отыр. Осындай оң шаралардың арқасында Федоров ауданның ауыл  шаруашылық тауарлары ішкі және сыртқы нарық сұранысын еркін қамтамасыз ете алады

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...