ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНА - 120 ЖЫЛ

20:30, 5 қыркүйек 2019

Қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде қазақстандық мұнайшылар төл мерекесін атап өтеді. Биылғы мерекенің жөні бөлек. Өйткені, Қазақстан мұнайына 120 жыл толды. Яғни, қазақ даласына бұрғы салынып, алғашқы мұнай фонтаны атқылағанына осынша уақыт. Осы атаулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайлы өлке Атырауға арнайы жұмыс сапармен барып, саланы дамыту жөніндегі кеңейтілген отырыс өткізді. Президент жиында мұнай-газ саласының жетістігін баяндады, кем-кетігін түгендеуді Үкіметке тапсырды.

Мұны технологияның даму шегі деуге келе қоймас, бірақ әрбір бөлшекті дәлдікпен дәнекерлеп жатқан мына роботтың қимылына таң қалмасқа болмайды. Мұнда мұнай өндіруге қажетті құрылғылар жасалуда. Зауыттағы үш робот 30 адамның орнын баса алады. Мұнай саласының заманауи техникалары Президентке таныстырылды.

Атырау отандық мұнай саласының тарихы бастау алатын мекен. Аймақтағы Қарашүңгілден алғаш мұнай атқылағанда, бұл оқиға ғасыр құбылысы деп бағаланған еді. Расымен де солай болды.

Отандық мұнай секторы республикалық бюжеттің негізгі табыс көзі.Ұлттық қорға 31 триллион теңге кіріс әкеліп отыр. Экономиканың дамуына әсіресе, Теңіз бен қазыналы Қашаған, құт дарыған Қарашығанақ, өзегі мәйекті Өзен, Қаражанбас, Кеңқияқ кеншітерінің рөлі ерекше.

Қазақстан мұнай өндіруде Шеврон, Шелл, СНПС Аджип сияқты алыптармен тығыз байланыста. Еліміздің мұнайгаз секторын дамытудағы бұл компаниялардың үлесін жоққа шығаруға болмайды. Десе де, Президент кей мәселелерге қатысты шетелдік компаниялар этикалық стандарттарды сақтап жүрсе дегенді құлаққағыс етті.

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде12-ші, газ қоры бойынша 22 орында. Соңғы 28 жылда «қара алтынды» өндіру көлемі 3 жарым есе ұлғайған.

Бірақ, қазір өндірістің шыңына жеткен, яғни игерудің соңғы сатысында тұрған кен орныдары да бар. Президент шағын және ескі кен орындарын тиімді дамытуды тапсырды.

Сондай-ақ, «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырын жыл соңына дейін аяқтау керек деді. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту арқылы минералды шикізат қорын толықтыруды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар