ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ҚАРАСУ АУДАНЫНДА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АРТҚАН

20:33, 7 қараша 2019

Ізгі істер ауыл көркі үшін. «Туған жер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің туып өскен ауылдарына деген жауапкершілігі арта бастаған. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі екені анық. Мәселен, Қарасу ауданында бизнесмендердің қаржылау қолдауымен биыл балабақшалар жөнделіп, спорттық нысандар мен демалыс орындары бой көтерді. «Бақытты отбасы» акциясы аясында баспанаға мұқтаж 6 көп балалы отбасыға пәтер сыйға берілді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алып, кәсібін дөңгелетуге ынталылардың да саны жыл сайын артып келе жатыр.

Баспасөз брифингінің бұл жолғы спикері – Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко. Жергілікті билік тізгіндеген тұлға есеп беру барысында қай саланың болмасын жетістіктері мен мәселелерін тізбектеп шықты. Ауданның негізгі кәсібі мал өсіру мен егіншілік ісі. Биыл 620 мың гектар алқапқа дән сіңірілді. Күзгі жиын-терім науқаны белгіленген уақытта басталды. Орташа өнім берекелілігі 7, 5 центнерді құрады. Бұл өлкеде 16 млрд теңгеге жуық ауыл шаруашылығы тауары өндірілді. Мал шаруашылығы бойынша баяндама жасаған аудан әкімі есепті мерзімде ірі қара, қой, жылқы басының саны көбейгенін жеткізді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ісі де ауылда алға басқан. Істің көзін тауып, берекелі тірлік жасап отырған тұрғындар аз емес. Мысал үшін, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша қолға алынған жобалардың бірі аспаздық іске бағытталса, енді бірі майлы дақылдарды суық әдіспен өңдеуге арналған. Мемлекеттен қолдау тапқан іскер жандар әлеуметтік саланы жақсартуға да көмектерін аямауда. «Көркейе бер, Қостанай» бағдарламасы шеңберінде меценаттар инфрақұрылымды дамытуға шамамен 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. «Бақытты отбасы» акциясы аясында баспанаға мұқтаж 6 көп балалы отбасына пәтер сыйға берілді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарасу ауданында жарты млн теңгеге 6 жоба іске асырылды. Жыл басынан бергі аралықта 328 аз қамтылған отбасыға атауыл әлеуметтік көмек көрсетілді. Жолдардың сапасын жақсарту мақсатында да біршама жұмыстар атқарылған. Ұзындығы 42,4 шақырым автокөлік жолдары қалпына келтірілді. Оған 1,5 млрд теңге бөлінді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында келер жылы ірі жобалар іске асатынын атап өтті аудан әкімі. Тұтастай алғанда, Қарасу ауданының келбеті жылдан-жылға ажарланып, қордаланған мәселлер шешімін тауып келеді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...