ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: 30 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

20:18, 24 ақпан 2020

Жұмыс орындарын көптеп ашып, шағын және орта бизнестің белсенділігін барынша арттыру керек. Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында өңір басшысы жауапты мекеме өкілдеріне осындай тапсырма берді. Мәселен, Жітіқара, Ұзынкөл, Қарасу, Лисаков қаласында қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында бірде бір жоба ұсынылмаған. Бұған бірінші кезекте кәсіп бастауға немесе ісін кеңейтуге ниетті жандар арасында мемлекеттік бағдарлама бойынша ақпараттандыру жұмыстарының әлсіз жүргізілуі себеп. Архимед Мұхамбетов осы бағытта кемшіліктерді түзетуді ескертті.

«Қарапайым заттар экономикасы»  – Елбасы тапсырмасымен  әзірленген бағдарлама.  Осы бастама аясында  іскер азаматтар тарапынан облыста құны 35 млрд. теңге болатын 97 жоба ұсынылды. 30  жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш жөнінен астықты аймақ  11- ші орынға жайғасқан.

Өндіріске серпін беруге бағытталған бағдарламаның орындалуы көңіл көншітпейді. Мақұлданған жобалар саны жөнінен  көрсеткіштер төмен.  Мысал үшін, 2 шаһар 5  ауданда бірде бір жоба ұсынылмаған. Бұл тізімге  Жітіқара, Ұзынкөл, Қарасу, Денисов, Меңдіқара, Жангелидн, Лисаков қаласы кіреді. Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын насихаттау, кәсіпкерлікке жеткізу жұмыстарының   тиісті деңгейде жүргізілмеуі.  Олқылықтардың орын алуына басты себеп болып отыр. Облыс әкімі аудан, қала басшыларына кемшіліктерді түзетуді   қадап  тапсырды.

Кең қолданысқа ие , халық көп тұтынатын тауарларды шығаруға басымдық берілмек.  Ұсынылған 97 жобаның 75% агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі болса, 9 жоба – құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған. 6 жоба– жеңіл өнеркәсіп, 3 – жоба жиһаз  өнеркәсібі саласында іске қосылмақ.  

Кепіл зат қою, несие тарихының бұзылуы , құжаттарда кездесетін кемшіліктерге байланысты көптеген  жобалар   қаржы институттарына ұсынылмайды.  Өнім өндіру көлемін арттыру, жаңа жобаларды іске асыруда инвесторту тарту.  Осы бағытта кешенді жұмыс атқарылуы керектігін айтты облыс әкімі.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫ БОЛУЫ МҮМКІН АЙМАҚТАР БАҚЫЛАУДА
20:20, 26 наурыз 2020
СУ ТАСҚЫНЫ БОЛУЫ МҮМКІН АЙМАҚТАР БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:40, 20 наурыз 2020
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар