ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

Қарақұмық цехының құрылысы басталды

20:34, 12 наурыз 2018

Облыста екінші қарақұмық шығаратын цехтың құрылысы басталды. Жоғары сұрыпты қарақұмық, яғни жасыл түрін өндіретін өндіріс нысаны Қарабалық ауданында пайда болады. Өңір басшысы жобаның алға қойған жоспарларымен танысып, индустрияландыру картасы бойынша қолдау шаралары жасалатынын айтты.

Тоғызақ ауылындағы бұл құрылыс нысаны болашақ қарақұмық цехының іргетасы. Инвестор қажетті инфрақұрылымдарды өз қаражаты есебінен орнатыпты. Су, электр қуаты тартылған. Бүгінде украиналық жабдықтарға тапсырыс жасалыпты. Нысан 2019 жылға дейін іске қосылуы тиіс. Бәрі ойдағыдай болса, цех жылына 2000 тонна қарақұмық өндіруге қауқарлы болмақ. 

Тоғызақ бидай өнімдері» комбинаты ауыл шаруашылығы кластері негізінде құрылып, мал азығын шығаратын цех пен бордақылау алаңын біріктіріп отыр. Бұл жерде азық өңделіп, түйіршіктеледі. Биыл 8 мың басқа арналған бордақылау алаңының сыйымдылығы 22 мыңға дейін ұлғайтылады. Қазірдің өзінде кәсіпорын цифрландыру элементтерін кеңінен пайдаланады. Егіс алқабының жағдайын қадағалайтын ұшқышсыз дрондар қолданылып, малдарды чиптеу шаралары жүргізіледі.          

Қарабалық ауданындағы елді-мекендерді көгілдір отынмен қамтуда былтыр қыруар іс тындырылды. Боскөл, Ворошилов ауылының тұрғындарының үйлеріне газ тартылды. Енді жыл соңына дейін Тоғызақ ауылын толығымен газдандыруды тапсырды облыс әкімі. Биыл барлығы 356 үйге ұзындығы 14,8 шақырым жер асты және жер үсті құбырын тарту көзделген.   

Шағын және орта бизнес Қарабалықта өркендеп келеді. Бұған аудан орталығындағы наубайханалардың біріне бас сұққан өңір басшысы көз жеткізді. Бұл жерде стандартты бөлкеден бөлек, тәтті-тоқаштардың түр-түрі пісіріледі. Жартылай фабрикат өнімдері де дайындалады. Тапсырыс бойынша бал-күлшелерді бояп, безендіріп те береді.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНДЫРУ –  ӨНДІРІСТІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
18:00, 22 маусым 2018
ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨНДІРІСТІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» - ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
20:39, 21 маусым 2018
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» - ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
18:03, 21 маусым 2018
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
18:19, 20 маусым 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
18:13, 20 маусым 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...