ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАР АРШУ ШАРАЛАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

20:22, 13 қаңтар 2021

Қысы қатты арқаның, Қостанайда қар қалың. Көшелерді ақ ұлпадан арылту мақсатында қаладағы коммуналдық компаниялар күшейтілген кестеге сай жұмыс істеуде. Әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандар орналасқан аумақтардың қарын аршуға қаңтардың 11-нен 12-не қараған түні 73 бірлік техника жұмылдырылған. Мердігерлік ұйым өкілдерінің айтуынша, қардың қалың түскені сонша, оны толық аршып біткенше 2-3 күн уақыт керек.

Қостанайдың қысы енді басталды. Оған қаңтар айында қардың қалың түсуі дәлел. Алайда, жағдай жіті бақылауда. Қалада қар аршу шаралары тәулік бойы жүргізіледі. Жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ «Ай-Көмек» орталығына жеке секторлар мен кварталішілік көшелерді ақ ұлпадан арылтуды көздеген 168 өтінім келіп түскен

Қар аршу жұмыстарын орындау үшін облыс орталығы шартты түрде алты аумаққа бөлінген. Әрбір бөлігіне бір-бірден бекітілген мердігерлік ұйым жауап береді. Қарды қала сыртындағы полигондарға шығару шаралары таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін іске асады. Қалың жауған жағдайда тазарту қызметі тәулік бойы көрсетіледі. Қалың қар көлік қозғалысына ғана емес, жаяу жүргіншілердің де жүріп-тұруына  кедергі келтіреді. Әсіресе, қарт кісілерге қиындық тудырады. Осы орайда оларға Қостанайдың еріктілер көмектеседі.

«Мейірімді жүрек» еріктілер жасағының жәрдемі барлығы 45 қарияны қамтиды. Қарт кісілер бізге хабарласып, өздеріне қандай көмек керек екенін айтады. Студенттерден және мектеп оқушыларынан құралған жасақ қалада тұратын зейнеткерлердің үйіне барып, қолғабыс етеді. Құрамына 50 адам кіретін еріктілер ұйымы осы аптада күніне 5-6 мекен жайда қар күрейтін болады, - дейді жасақ жетекшісі.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:29, 18 қаңтар 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...