ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ

20:12, 13 қаңтар 2020

Кішкене жәндіктің көмегімен үлкен мәселелерді шешуге болады. Қостанайлық оқытушы тамақ қалдықтарын қайта өңдеудің жаңа әрі қарапайым әдісін ұсынып отыр. Оның айтуынша, қиқымдарды қоқысқа тастамай, құрттарды қоректендіру арқылы қоршаған ортаға қатысты бірнеше мәселені қамтуға болады. Идея иесі Наурызбек Бірмағамбетовпен тілшіміз сұхбаттасқан еді.

Наурызбек Бірмағамбетов экологияға бала кезінен әуес. Кейін ауыл мектебінде жұмыс істеген жылдары да көптеген оқушыларды осы ілімге баулыды. Шәкірттерімен бірге ондаған ғылыми зерттеулер жазып, бірқатар тәжірибе жүргізді. Эко-құрттар арқылы бірнеше мәселені шешуге болатынына сол ізденіс кезінде көз жеткізді.

Жас ғалым құрттарды төрт жыл бұрын зерттей бастады. Қоқыс арасында өскенімен, жәндіктерге де күтім керек. Мысалы, оларға жайлы болуы үшін 24 градустан кем емес температура және жеткілікті тамақ қажет. Наурызбектің бұл идеясын әріптесі Дамир үнемі қолдап, насихаттап жүреді. Қазір жан-жануарлар әлеміне оның өзі де қызыға бастаған.

Бұл жәндіктердің табиғаттағы құрттардан біршама айырмасы бар. Мәселен, ашқарақтығы мен ұрықтнау жөнінен алты есе асып түседі. Наурызбек бұл іспен айналысудағы бірінші мақсат шәкірттерінің танымын кеңейту екенін айтады. Студенттер тек түрлі-түсті суреттерді парақтап қана қоймай, қоқысты қайта өңдеу кезеңдерінен де хабардар болуы тиіс деп санайды.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...