ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Қ. АХМЕТОВ: ӨНДІРІС ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ӨСІМ БАР

20:30, 9 тамыз 2019

Биыл Қостанай қаласында 3 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, жүздеген адам жаңа жұмыспен қамтылмақ. Ал келер жылы тағы 5 жоба қолға алынбақ. Оған жұмсалған қаржы 35 млрд теңгеден асады. Бұл бастамалар өңірге экономикалық серпін әкелмеқ. Қостанай қалалық мәслихаты сессиясының отырысында қала әкімі Қайрат Ахметов биылғы жылдың осындай басты жетістіктерін жария етті.

Қостанай қаласында атқарылған жұмыстарды тәптіштеп баяндаған қала әкімі өз сөзінде облыс орталығы бірінші жарты жылдықты жақсы нәтижемен аяқтағанын  тілге тиек ете кетті.  Өнеркәсіп өндірісінде өсім  23 пайызға тең.  Жергілікті зауытта 9 мың бірлік көлік, 150 астық жинау комбайны  құрастырылды. Ұн және  кондитерлік өнімдер өндірісі де жақсы қарқын алған. Бүгінде облыс орталығында 25 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Мұнда  69 мың адам еңбек  етеді.

Жергілікті қазынаға  түскен салық 18,9 млрд теңгеден асады. Жоспар артығымен орындалды.  Облыс экономикасына  35 млрд теңгенің берекесі тартылған. Өсім мұнда да жоғары. 14 пайыз. Экономиканың даму көзі саналатын инвестициялық жобалар өңірде өндірістің өркендеуіне тың серпін әкелді. Оның үстіне жүздеген адамды жұмыспен қамтуға  мүмкіндік берді.  Қостанай қаласында құны 138 млрд теңге болатын  9 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Оның үшеуі биыл іске қосылады. Индустриалды аймақта көлік құрастыру, электроника, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар бой көтермек.Қостанайда оң өзгерістер тек өндірісте ғана емес, әлеуметтік салада да жағымды жаңалықтар көп.

Жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасады.  Оған  1,7 млр теңге бөлінді биыл. Қаржының жартысынан көбі игерілді. Сондай- ақ келер жылы  3 білім беру мекемесі  қайта қалпына келтірілмек. Ол Қостанай қаласындағы нөрімі 6,19, 4 – ші мектеп.

Тақырып бойынша материалдар

АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
20:32, 16 қыркүйек 2019
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
20:49, 13 қыркүйек 2019
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...