ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

20:37, 9 қаңтар 2019

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі биыл жарты жылға шегертілді. Кезінде шетел валютасымен несие ресімдеген мыңдаған отбасы осы бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, ипотекалық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік алған еді. Жалпы, облысымызда тұрғын үй нарығындағы жағдай жылдан - жылға жақсарып келеді. Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше «7-20-25» бағдарламасы да біздің облыста ойдағыдай орындалуда. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

Ипоткалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылы Елбасының тапсырмасымен іске асырылған болатын. Мақсаты - проблемалық несиелер үлесін төмендету. Ұлттық банк қызметкерлерінің мәліметінше, осы мерзім аралығында  аймағымызда  қарызын төлеуде қиналған 850-ге жуық отбасының  ипотекалық төлемдері қысқарды. Олардың жалпы соммасы 27 млрд теңгеге тең.  Ал  Қазақстанда  64 млрд. теңгеге 6233 азаматтың  өтініші мақұлданды.  Талай шаңыраққа үміт сыйлаған берекелі бастама  жартыжылға шегертілді. 

«7-20-25»: 103  ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ 

Жалпы, қазір ипотекалық несиелерге деген сұраныс өскен. Былтыр жүзеге асырылған «7-20-25 бағдарламасы» да тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарламаға қатысу шарттары мынадай: жылдық мөлшерлеме 7 пайыз , алғашқы жарна 20 пайыз, несие мерзімі 25 жылға дейін беріледі. Азаматтардың төлем қабылеттері де ескеріледі.  Және де меншігінде  ипотекалық қарыз бен баспанасы болмауы қажет.

Келтірілген мәліметтерге сенсек, астықты аймақта жеңілдетілген ипотекалық несие алуға 169  адамнан өтініш түсті. Оның 103-і  мақұлданды. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен берілетінін атап өттті қаржыгерлер.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«7 – 20 -25»: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
20:32, 20 наурыз 2019
«7 – 20 -25»: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:37, 19 наурыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...