ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯ – ІРГЕЛІ ЖОБАЛАР КЕПІЛІ

20:31, 16 қаңтар 2020

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Қайыров жұмыс сапарымен Қостанайға келді. Оның Тобыл өңіріне табан тіреуінің түпкі мақсаты - облыстағы инвестиция тарту жұмыстарының орындалу барысын таразылау. Индустриалдық аймақ алаңында өткен жиында Елші өңірде өзге мемлекет инвесторлары үшін қолайлы климат қалыптасқандығын айрықша атап өтті.

Индустрияландыру жылдары облысымызда жүзге жуық жаңа өндіріс ошағы іске қосылды. Нәтижесінде 5 мыңнан артық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұрын-соңды елімізде өндірілмеген ондаған тауар түрі облысымызда шығарыла бастады. Бағдарлама шеңберінде өңірде қайта өңдеу және дайын өнім шығаруға басымдық берілді. Соның арқасында шет мемлекеттермен алыс-беріс жүйеленіп, сыртқа саудаланған өнімдердің үлесі артты. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші 52 процентке дейін жетті.

Былтыр көлік құрастыру саласында маңызды жобалар іске асырылды. Автокөлік  шығаратын Қытай мен көршілес Ресей елінің алып компаниялары Сарыарқаавтоөндіріс серіктестігімен тиімді әріптестік байланыс орнатты. Осылайша, Қостанайда бой көтерген трактор зауыты алғашқы өнімдерін нарыққа шығара бастады. Мұнда аталған техниканың  ірі бөлшектерін құрастырылады. 

Айрықша айта кету керек, алдағы уақытта индустриалды аймақ алаңында сырттан қаржы салушыларға арналған фронт-кеңсе ашылмақ. Ол шетелдік инвесторлар үшін бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Уақытты үнемдеп, қағазбастылықтан арылуға бағытталған механизм аграрлық аймақты өндірісті өңірге айналдыруға тың серпін бермек.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылады
20:35, 6 сәуір 2020
Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан боса...
Толығырақ...
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:32, 2 сәуір 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...