ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ

18:05, 10 қыркүйек 2019

Қостанайдағы автоөндіріс саласы арындап болмаса да аяңдап алға жылжып келеді. Салыстыру үшін айтсақ – 2017-ші жылы кәсіпорын 6 мың, 2018-ші жылы 12 мың көлік шығарған. Ал биыл зауыт басшылары бұл көрсеткішті 21 мыңға жеткіземіз деп отыр. Өндірістің өркендеуі қашанда қазынаға құйылар қаржыны молайтады. Ең бастысы жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Айбол Ерішовтің зауытта еңбек етіп жатқанына алты жылға жуықтады. Жергілікті оқу орнында техникалық мамандық бойынша жоғары білім алып шыққан соң бірден осында жұмысқа орналасқан. Қазіргі міндеті құрастырылып болған көліктің басқару тетіктерін тексеру, талапқа сай реттеу.

Бұл желіден қытайлық «Джак» көліктері шығарылады. Оның қорабын дәнекерлеруден бастап, сырлау, құрастыру жұмыстары осы зауытта атқарылады. Жобаға қытайлық компания 17.5 млн доллар көлемінде инвестициця құйған. Қазір кәсіпорында 1500 адам еңбек етеді. Оның 98 проценті жергілікті тұрғындар. 2 проценті Қазақстанда тұрып жатқан Ресей азаматтары. Ал қытайлық мамандардың үлесі жарты процентке де жетпейді.

Қостанайдағы зауытта тек қытайлық қана емес, әлемге танымал бірнеше брендтік маркалы автокөліктер мен ауылшаруашылығы техникалары құрастырылады. Әзірге өнімнің басым бөлігі ішкі нарықта саудаланады, экспорт көлемі төмен. Алайда жұмыс осы қарқынынан таймаса сыртқа шығатын көліктің көлемін көбейтуге  де еш кедергі жоқ.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар