ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:16, 26 мамыр 2020

«Жұмыспен қамту жол картасының» орындалуы облыс әкімдігінде талқыланды. Аймақ басшысының қатысуымен өткен бейнеконференцияда аудан әкімдері инфрақұрылымдық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті. Мысалы. Сарыкөл ауданында биыл бірқатар көшелер ағымдағы жөндеумен қамтылып, әлеуметтік–мәдени нысандар жаңартылмақ. Ал Арқалық қаласына қарасты ауылдарға су құбыры тартылады. Шағын шаһарда 8 нысан бойынша жөндеу жұмыстары басталған. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде қанша адам жұмысқа орналасады? Мердігерлерге қойылған талап қандай? Тілші репортажынан білейік.

Елді мекендерді  абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы мен тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық нысандарын  ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту. Жұмыспен қамту жол картасы осы  бағыттарды дамытуды  көздейді.  Арқалық қаласында аталған бағдарлама бойынша жалпы құны 1 млрд 311 млн. теңге болатын   10 инфрақұрылыдық жоба биыл жүзеге асырылады.  249  адам еңбекпен қамтылады. Оның 125-сі жергілкті мекеменің жолдамасымен жұмысқа тұрмақ.

Облыс әкімдігінде өткен  бейнеконференцияда бұдан соң Сарыкөл ауданының әкімі бағдарламаны іске асыру  жөнінен  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Амантай Балғариннің сөзінше, биыл бұл өлкеде  Жұмыспен  қамтудың  жол картасы  шеңберінде 11 нысан жөнделмек.   Жобалардың жалпы  құны   1 млрд. 142 млн. теңге.  Байқау процедуралары өткізілді.  

Бағдарламаның басты мақсаты – халыққа көмек беру.Оларды жұмысқа орналастыру.  Архимед Мұхамбетов  бөлінген қаражатты рәсуә етпей, орнымен жұмсау екендігін ескертті. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...