ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕР БОЙЫНША КОМИССИЯ ҚҰРЫЛАДЫ

20:36, 23 сәуір 2018

Жер телімдерін мақсатты пайдаланбаған кәсіпкерлермен күрес күшейе түспек. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов игерілмеген алқаптар бойынша бойынша арнайы комиссия құруды тапсырды. Мамандардың мәліметінше, облыс аумағындағы кәдеге жаратылмай жатқан 500 мың гектар жер субсидияланатын болады. Былтыр 616,0 мың гектар аумағында 391 тексеріс іске асырылды. 225 заңбұзушылық тіркелді.

Бастапқыда «жайылымға» деп алынған алқаптарда қазір дәнді-дақылдар өсіріледі, не мүлдем  кәдеге жаратылмай жатқаны көңіл жұбатпайды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды пайдалану бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілмек. Бұл құжат жергілікті билік тізгіндеген басшылардың жер мәселелеріне қатысты жауапкершілігін арттыруды көздейді. Заң ережелерін өрескел бұзған іскер азаматтарға енді қолданылатын жаза қайтаяды.  Мәселен, «Жер-Ана»,  «Талап-Астык»  «Коныспай-Агро» серіктестіктерін бір адам басқарады.  Шаруа жерді агротехнологиялық талаптарға сай өңдемейді. Бұл топырақтың   құнарлылығына зиян тигізетіні белгілі. Күтіп- баптау шаралары тиісті түрде  жүргізілмегендіктен   кейбір өңірлдерде егін  де бітік  шықпайды

Не өздері іс қылмай, не өзгеге бұйыртпаған жерлерді түгендеу шаралары жоспарға сай жүрзілуде. Былтыр 616,0  мың гектар аумағында  391 тексеріс іске асырылыпты.  225 заңбұзушылық тіркелді. 27,8 млн. тенге айыппұл салынды. 19,8 млн. теңгесі жергілікті қазынаға өндіріп алынды. Қалған қаржыны мәжбүрлеп өндіру  үшін   материалдар  жеке сот орныдаушыларына жіберілді.

Кезінде коммерциялық нысандар үшін алынған 21 жер телімі мақсатты игерілмеген. Заңбұзушылықты жою жөнінен нұсқамалар да  берілді оның  иелеріне. Аумағы 11,6 га тең  16 жер учаскісі  Қостанай қаласында орналасқан. Кіріс басқармасына мәліметтер жіберілді. Заң бұзған тұлғаларға   салықты  10  есе көп төлеуге тура  келді,

Кемшіліктер көп. Оларға  дұрыс талдау жасалмаған.  Архимед Мұхамбетов  Жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының жұмысын сынға алды. Бос жатқан алқаптарды тиімді игеру бойынша аукциондарды көптеп өткізуді тапсырды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
20:36, 18 қазан 2018
САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18:12, 17 қазан 2018
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...