ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІ ҰШТАСТЫРУ – ДАМУ КЕПІЛІ

20:30, 19 сәуір 2019

Өңірімізде «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау бағытында әр салада толымды істер жетерлік. Жоспардың 64-ші қадамында ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері айқын белгіленген. Осы орайда, облысымыздың ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында елордадан бір топ ғалымдар келді. Астықты аймақ жеріне табан тіреген атақты ғалымдардың көздегені - өндіріс пен ғылымды өзара байланыстыру. Ғылым өкілдері дақылдардың өнімділігін арттыруда қандай тәсілдерді қолданбақ? Толығырақ тілші тарқатады.

Дәнді дақылдардың өнімділігін 50 пайызға дейін арттырып, тұқымдарды биорезонансты жолмен активтендіру. Бұл – қазақстандық ғалым Әбдімәлік Әшіровтің әлемді таңқалдырған жаңалығы. Ұсынылып отырған өңдеу технологиясы өте қарапайым. Ол қол еңбегі мен қуат шығынын қажет етпейді. Биорезонанс беретін Модуляторға ток көзі ретінде 12 вольт автомобиль аккумуляторын пайдалануға болады. Өңдеу уақыты – 11 минут. Ғаламдық деңгейде танылып жатқан ғаламат жаңалықтар ғайыптан емес, ғылымнан пайда болды. Олардың бәрі зерттеулер мен іркіліссіз ізденістердің нәтижесі екенін Қостанай жеріне келген қонақтар қостап отыр.

Қоршаған ортаға зиян келтірмей-ақ химиялық қоспаларсыз дәнді дақылдардың өнімділігін 50%-ға дейін арттыруға бағытталған жоба еліміздің 6 облысы мен Германия, Италия, Түркия, Ресей, Украина сияқты 8 мемлекетте сәтті сыналған. Жаңа технология астықты аймақ диқандары үшін де маңызды болмақ.

«Ғылым қоры» - осы ғылыми-техникалық жобалардың негізгі қаржыландыру көзі болып табылады. Аталған қорда коммерцияландыру бойынша 150-ге жуық жоба іске асқан. Бір жобаны – 300 млн теңге дейін қаржыландырады екен. Аталған ғалымның биорезонансты активиация жобасына 198 млн теңге грант берілген. Нәтижесінде, 84 пайызға дейін өнім алынған.

Ғылым мен бизнесті байланыстыру бағытындағы жаңа механизмдерді енгізу мәселесі айтылған жиында түптің-түбінде ғылымның жеңіп шығатыны сөз етілді. Өндіріс пен ғылым ұштасқанда ғана ауыл шаруашылығы алға басады. Сондықтан, ғылым ашқан жаңалықтарды, ғылыми жетістіктерді бизнесімен байланыстырғандар ғана экономикалық тиімділікті сезеді.  Облыс орталығына келген ғалымдардың жергілікті шаруаларға айтар негізгі ойы - осындай.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:30, 20 мамыр 2019
ҚОСТАНАЙДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
20:31, 16 мамыр 2019
БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»: ҮЛГІЛІ ЖАНҰЯЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
20:37, 15 мамыр 2019
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»: ҮЛГІЛІ ЖАНҰЯЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
20:31, 16 мамыр 2019
БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
Толығырақ...
«АНА МЕН БАЛА» АЛЛЕЯСЫНА ГҮЛДЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
20:35, 15 мамыр 2019
«АНА МЕН БАЛА» АЛЛЕЯСЫНА ГҮЛДЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...