ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЕТ ӨНІМДЕРІ КОМБИНАТЫ АШЫЛДЫ

21:11, 1 желтоқсан 2019

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қарабалық ауданында жергілікті жұрт үшін қуанышты оқиға көрініс тапты. «Алмаз» фирмасы қабырғасында ет өнімдерін шығаратын комбинат іске қосылды. Бұл біріншіден, отандық өнімдердің нарыққа шығуын қамтамасыз етсе, екіншіден, аудан тұрғындарын жаңа жұмыс орындарына орналастыруға оң жағдай туғызады.

Бүгінге дейін бұл комбинаттың жұмысы 15 жыл бойы тұралап қалған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті күні мерескесі аясында аталмыш кәсіпорын тамырына қайтадан қан жүгіріп, өрлеу кезеңіне қадам басып отыр. Комбинатты қалпына келтіру жұмыстарына 11 млн теңге қаражат жұмсалған. Қазіргі таңда мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Жарқын мереке аясында жаңа нысанның іске қосылуымен жергілікті жұртты аудан әкімі құттықтады.

Бүгінде бұл кәсіпорында әзірше 50 тұрғын еңбек еткенімен, комбинат барлығы 120 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы. Нысан келер жылдың мамыр айында толық қуатына көшіп, қалған 70 аудан тұрғыны комбинат қызметкері атанады. Қайта қалпына келтірілген нысан ет өнімдерінің 23 түрін нарыққа шығарады.

Комбинат шикізатты жергілікті ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен алады. Кәсіпорын өнімдері қазіргі таңда Қостанай облысының барлық аудандарының нарығына шығып үлгерген. Ендігі мақсат – ел экономикасын еселеу үшін өңірде өндірілген өнімді экспорттау. Көп кешікпей Ресей Федерациясының Челябі және Екатеринбург қалалары біз шығарған азық-түлік түрлерін тұтынатын болады, - дейді комбинат директоры.

Тақырып бойынша материалдар

80 ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:30, 11 желтоқсан 2019
80 ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
20:34, 10 желтоқсан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...