ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ERG МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРҒА 3 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛМЕК

20:00, 6 наурыз 2020

Eurasian Resources Group 2020 жылы Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға шамамен 3 млрд. теңге бөлмек. Өзара әріптестік туралы Меморандумға ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін қол қойды.

Меморандум Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жасалып отыр. Қаражаттың басым бөлігі Рудный қаласы мен Қашар кентінің жылу желілерін күрделі жөндеуге жұмсалады. Әрі осы өңірлердің тұтынушыларын электр қуатымен арзандатылған бағамен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Меморандум жобаларын іріктеуде ERG Топ кәсіпорындары орналасқан шағын қалаларға айрықша көңіл бөледі. Мәселен, Арқалықта мектеп, Рудный мен Лисаковск қалалары, Қашар мен Октябрьский кенттерінде жолдар жөнделеді.Айта кету керек, осымен үшінші жыл қатарынан ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ұсынған жобалар Меморандумдар тізіміне еніп келеді.

ERG компаниясы шағын кәсіптің дамуына да үлес қосып жүр. Нәтижесінде, табиғи бал өндіретін цех, сұлулық салоны, медициналық оңалту орталығы, кондитер өнімдерін шығаратын фабрика ашылды. Бастысы,халық арасында сұраныс бар. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен ERGДиректорлары кеңесінің төрағасы  Александр Машкевич

арнайы көрмеде кәсіп иелерімен тілдесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...