ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

«ЕҢБЕКТІҢ» ЕЛ ДАМУЫНА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕСІ

20:36, 20 мамыр 2020

2017-ші жылдан бері ел көлемінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты - халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, табысын молайтуға оң жағдай жасау. Бұл оқуын енді ғана аяқтаған жастар мен жұмыссыз жүрген тұрғындар үшін өте тиімді. Бағдарламаның облыс орталығында орындалу барысы қалай? Тілші баяндайды.

Сабина Молдыбаева - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көрген қала тұрғындарының бірі. Ол осы жылы Челябі мемлекеттік университетінен түлеп ұшып, жергілікті жұмыспен қамту орталығы мамандарының жөн сілтеуімен жұмысқа орналасты.  Жарты жылға жоспарланған «Жастар практикасы» жобасының арқасында кешегі студент бүгін білдей бір мекемеде еңбек етеді.

Қостанай қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандары мәлімдегендей, биылғы жылдық жоспар бойынша «Жастар практиксына» жоғарғы оқу орындарының 115 түлегін жіберу көзделген. Қазіргі күні 40-қа жуық жас маман диплом ала салысымен жұмыс тауып үлгерген. Жастар алғашқы мамандықтары бойынша оқу бітірсе, Сейітжан Аймағамбетов екінші мамандық иесі атанып отыр. Қалаға қоныс аударғанына 3-4 жыл болған Қамысты ауданының тумасы бағдарламаның бірінші бағыты - қысқа мерзімді оқыту курсын аяқтап, өзіне тұрақты жұмыс тапқан.

Жалпы биыл шаһар шеңберінде барлығы 3824 тұрғынды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Қазіргі күні 1326 азамат еңбек етіп жүр. Осы тізімдегі 906 тұрғын тұрақты жұмысқа  орналасты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш көлемі ұлғаяды дейді жауапты сала мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
20:29, 27 мамыр 2020
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...