ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«ЕҢБЕК» - ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН!

20:38, 12 тамыз 2019

Биыл жастар жылы аясында Рудный қаласында кіші буын өкілдерін жергілікті билік тарапынан қолдау мақсатында сан түрлі жоспарлар жүзеге асып, жастар мемлекеттік бастамаларға белсенді түрде қатысуда. Мысал үшін, «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі «Жастар тәжірибесі» жобасы арқылы жергілікті кейінгі толқын екі қолға бір күрек тауып, ел қатарлы еңбек етіп жүр. Осы ретте олар үкіметтен көрсетіліп отырған көмекке дән риза.

Рудный қаласының әкімдігі – бүгінгі таңда Жәнібек Әлихановтың жұмыс орны. Жас маман бұл мекемеде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасының «Жастар практикасы» бойынша жұмыс істеп жүр. Оқу бітірген соң бірден жұмысқа орналастыратын игі бағдарламаға жастардың атынан  алғыс айтады.

Ал, бұл – аудан орталығында орналасқан сатып алу орталығы. Былайша айтсақ,  Әсемгүл Есдәулетованың еңбек ететін жері. Осы мекемеде азаматтармен жұмыс істеуді жетік меңгерген жас маманның жастарға оң жағдай жасайтын бағдарламаға айтар алғысы шексіз.

Кезекті кейіпкеріміз - Әсем Сапарова. Ол Рудный педагогикалық клледжінде оқып тәрбиеші мамандығын меңгеріп шыққан. Қазір өзінің қолынан келетін іспен айналысуда. Балалармен жұмыс істегенді жақсы көретін Әсем бөбектер басқшасында тұрақты түрде еңбек етуді көздейді.

Нұрсымбат Исмаилова да - балалармен жұмыс істейтін білікті маман. Психология мамандығы бойынша ол өзінің бар білгенін білім беру мекемесінде іске асырып келеді. 6 ай жастар тәжірибесі аяқталған соң, осы мектепте тұрақты жұмысқа орналасам, - дейді ол.

Биыл Рудный қаласында «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға барлығы 525 млн.теңге бөлінген. Бағдарламаның бірінші бағытына 48 млн. теңге, екінші бағытына 175 млн.теңге, үшінші бағытын жүзеге асыруға, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында істейтіндерге – 24 млн. ал, жастар практикасына 26 млн. теңге бөлінген. Қоғамдық жұмыс орындарына – 43 млн. теңге қарастырылған. Қысқа қайырсақ, мәртебесі жағынан «моно», көлемі жағынан шағын шаһарда үлкен жұмыстар орындалуда.      

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
20:34, 21 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...