ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА 8 МЛРД. 400 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

20:32, 13 наурыз 2020

Елімізде қолға алынған бағдарламалар халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономиканы дамытуға бағытталған. Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмалардың тиімді орындалуы жіті назарда. Өткен жылы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл бір ғана «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 8 млрд. 400 млн. теңге бөлінді. Жұмыспен қамту шаралары мәслихат сессиясында талқыланды.

Облыстық мәслихаттың бас хатшысы былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысын щығарды. Сайлаубек Есжановтың мәліметінше өткен жылы 17 сессия отырысы өткізілсе, оның   13 – і кезектен тыс жиындар.   Халық қалаулылары жергілікті бюджет қаражатын  7 рет  талқылап, бекітті. Мәслихат депутаттарымен 116 шешім шығарылды. Оның 23- і нормативтік құқықтық мазмұнды қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес, сессия отырыстарында жастар саясатын дамыту, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының орындалуы мен  Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралды.  Тұрақты комиссия депутаттары алдында былтыр 107 лауазымды тұлға есеп берген. Ол аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары.

Сессия отырысында және де  «Еңбек» бағдарламасының іске асырылуы  бойынша  Басқарма басшысынң орынбасары баяндама жасады.   Былтыр  Тобыл өңірінің 32  мыңдай тұрғыны жұмыспен қамтылды.  Жоспар артығымен орындалды. Қайта даярлау курстары аясында 2682 адам жаңа мамандықты меңгерді. Оқуын аяқтаған бір жарым мыңға жуығы кейін   еңбекке араласты. Бастау бизнес бойынша оқытылғандар да   бизнес жобаларын қорғап, гранттар мен шағын несиелер алды. 769 адам мемлекеттік гранттардың иегерлері  атанды. 

Еңбек бағдарламасын  нәтижелі орындауда биылғы жоспар да ауқымды. 584  адам шағын несиемен, 274 іскер азаматты  гранттық қаржыландырумен қамту межеленген.     «Бастау Бизнес»  аясында  1611  адам кәсіпкерлік негіздерін үйреніп шықпақ.  Қайта даярлау курстарына – 950  адам, қысқа мерзімді оқытуға  – 670 адам жіберілмек.

Жұмыспен қамту шаралары талқыланған мәслихат отырысында және де елді- мекендерді абаттандыру мәселесі де қаралды. Сондай-ақ,  жасөспірімдер жөніндегі комисия құрамын бекітуді  мәслихат депуттары бірауыздан мақұлдады. Барлығының мақсаты бір- Мемлекет басшысының тапсырмасы мен мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай  орындалуын қамтамасыз ету. Бұл экономиканы дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартатыны аян.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...