ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

20:36, 14 қазан 2020

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықтың тұрмысын жақсартуда тиімді тетік екендігін орындалып жатқан оң шаралар айқын аңғартты. Осы мемлекеттік бағдарламаның аясында жас мамандар жұмысқа орналасып, өз кәсібін ашуға талпынғандарға шағын несие беріліп, жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеген. Көңілге қонымды көрсеткіштер Алтынсарин ауданында да аз емес.

Жұрттың кәсіп ашуына, жұмысқа орналасуына және тұрғын үймен қамтылуына жағдай жасау негізгі міндет. Осы игі бастамалар Еңбек мемлекеттік бағдарламасында топтасқан.Аты айтып тұрғандай азаматтардың еңбекке ерте араласуына мүмкіндік беретін жобаның қазіргі қуаты қарқынды. Мәселен, Алтынсарин ауданында аталмыш бағдарлама аясында биыл жастар практикасына 16 адам жіберілді. Солардың бірі- Дина Әбденова.

Жастар пратикасын ауданда іске асыру үшін бағдарлама есебінен 5 млн 643 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда бұл сомманың 3 млн 671 мыңы игерілді.   Жас мамандар мемлекеттік қызмет саласы мен шаруа қожалықтарына жұмыс орналаса алады. Барлығы өздерінің қалауы бойынша жүзеге асады дейді жұмыспен қамту орталығының мамандары.

Кәсіптің әліппесін таныған азаматтар тыста қалмайды. Оқуын аяқтаған соғы жұмысқа орналасуына мемлекет мүмкіндік жасайды. Ал кәсіп ашамын деушілерге кедергі жоқ. Жаңа идеяңыз болса қайтарымсыз гранд беріледі. Сонымен қатар шағын несие алуға да жол ашық. Осы мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі Менсұлу Бақытжанова. Ол «Бастау бизнес» жобасының арақасында тырнақ әрлеу салонын ашқан.  
 

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Алтынсарин ауданында биыл 9 жоба іске асырылып жатыр. Атап айтсақ, Большая Чураковка  ауылындағы орта мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Алтынсарин ауданының орталық ауруханасы қалыпқа келтірулде.  Ауылдардағы жол мәселесі де шешіліп жатыр. Бұл жобаларды іске асыру үшін 112 адам еңбекке тартылды. Осылайша, биылғы жылға қойылған жоспар сәтті жүзеге асырылуда.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...