ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ЕЛОРДАНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЖІЛІС

20:30, 8 қазан 2019

Еліміздің айнасы саналатын бас қаламыз елорданың қордаланған мәселесі аз емес. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев солардың бірсыпырасын сынға алып, Үкімет пен қала басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Бүгінгі мәжілісте астананың жеткен жетістігінен гөрі, кеткен кемшіліктері мен орны үңірейіп, көзге бадырайып тұрған олқылықтары көп айтылды. Әңгіменің әлқиссасын «әйгілі» ЛРТ-дан бастасақ. Президент бұл жобаның әлі де болса даулы екенін, бірақ құрылысын аяқтамасқа амалдың жоқтығын мәлімдеді. Кезінде осы жобаның қалай мақұлданып кеткеніне таңданысын білдіре келе, былыққа батырғандардың бәрін анықтау керектігін айтты.

Мұнай мен газдың үстінде отырып, көмір жағып көк түтінге булыққан екі қала болса, соның бірі осы Нұр-Сұлтан. Күз келмей жатып, өкпені қаритын түтінді биыл қыста тағы жұтады тұрғындар.

Мемлекет басшысы бас қаланың барлық талапқа сай болуын талап етті. «Қазіргі сиқына қарасаң, қожайыны жоқ, аңғал-саңғал үй секілді», - деп бағалады. Себебі, салғырт салынған үйлер мен жолдар, әрі қашқан әлеуметтік нысандар, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлер, алым-жұлымы шыққан аудандар көзге оғаш көрініп тұрғанын айтты. Сондықтан, қаланы адамдарға ыңғайлы етіп, ұқыпты ұстауды күнделікті әдетке айналдыру керек екенін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға айрықша мән берді. Бұл ретте озық елдердің тәжірибесі ескере отырып, жаппай цифрландыру жүргізу керектігін тапсырды. Мәселен, қаланың «көзіне» айналған сергектің өзі сенім үдесінен шыға алмай отыр.

Халық саны 280 мыңнан 1 млн 100 мыңға дейін өсіпті. 21 жылда 22 млн шаршы метр үй салыныпты. Баспана құрылысы қарқындай бермек. Бюджеттің және жекеменшік қаржы көздері есебінен. Осы тұста үлестік құрылысқа сенім күшейтілмек. Құрылысқа қаржы құйған халықты алдағандарға қатаң бақылау және ауыр жаза енгізілмек. Азаматтар үшін әлеуметтік ғимараттар салынады, ескісі жаңаратылады. Мәселен, 60 жылдық тарихы бар Темір жолшылар ауруханасы қайта салынбақ. Қала әкімі Алтай Көлгінөвке көп тапсырма берілді. Бас қаланы ыңғайлы, таза әрі іскер ету керектігі жөнінде.

Инеграциялық процестерді дамытып, елорданың инвестициялық ахуалын арттыру мақсаты тұр. Қаланы одан әрі дамыту үшін мемлекетік жекеменшік әріптестік күшейту керектігі тапсырылды. Аспан кеңістігі арқылы, әлем елдерімен, алпауыт қаржы орталықтарымен байланыс нығая бермек. Осы мақсатта шартарапқа бағытталған жаңадан тікелей әуе рейістері ашылады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:37, 21 қазан 2019
ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:39, 17 қазан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...