ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:36, 12 маусым 2018

Бұдан былай, қостанайлықтар сауда орындарында қолма-қол ақшасыз тұтынған тауарына төлемді ұялы телефонмен жасай алады. «Салем, Мобайл» жүйесінің артықшылығы осындай. Аталған қосымшаның қызметі әзірше Нариман және Орталық базарларда қолжетімді. Алдағы уақытта электронды төлем жүйесі облыстың барлық сауда нүктелерінде және кейбір қызмет көрсету салаларына енгізілмек.

Жеке кәсіпкер Венера Демченко бірнеше сауда орындарының қожайыны. Оған күнделікті қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге тура келеді. Ал қомақты қаражатты қалтаңда сақтау ыңғайсыздық тудырады. Енді іскер әйел алғашқылардың бірі болып «Салем, Мобайл» жүйесін енгізіп отыр. Электронды төлем қызметі арқылы тұрғындар өз уақыттары мен ақшаларын үнемдей алады, дейді ол.

Керек-жарағыңызды сатып алатын дүкенде сол жердегі поштаның және сауда орнының арнайы коды болады. Соны теріп, алатын затыңыздың бағасын СМС арқылы жіберіп, өз қажетіңізге жарата бересіз.

Дүкендерге бұл технологияға қосылу үшін шығындалып POS-терминалдармен жабдықталудың қажеті жоқ. Телефон арқылы жасалған төлемнен комиссия ұсталмайды.

Шет елдерде телефонмен төлем жасау үйреншікті құбылыс. Ал біздің елде бұл үрдіс Цифрландыру бағдарламасы аясында кең қанат жайып келеді.

 

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
20:36, 18 қазан 2018
САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18:12, 17 қазан 2018
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...