ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

20:16, 14 қаңтар 2020

Қостанайда электр энергиясы үшін тариф көтерілуі мүмкін. «Қостанай энерго орталығы» серіктестігі Облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне электр қуатының бағасын өсіру жөнінде тапсырыс беріпті. Бұл мәселе бүгін сала мамандарының қатысуымен өткен қоғамдық тыңдау барысында талқыланды.

Қараша айына дейін дейін бір киловатт энергия үшін тұтынушылар 17 теңге 46 тиын төлеп келді. Қазіргі қолданыстағы тариф бағасы бойынша қаржылық жетіспеушіліктер бар. Біріншіден, өндірістік шығын мөлшері көбейді. Тарифті өсірудегі негізгі себептер - жанар-жағармай мен қондырғылардың қымбаттауы. Осыған байланысты жарық бағасы ақпан айынан бастап 19 теңге 76 тиыннан - 21 теңге 25 тиынға дейін өсуі мүмкін.

Жалпы, жарықпен қамтамасыз етіп отырған энерго орталықтар техникалық жаңғырту шарасын белсенді жүргізуде. Мамандардың айтуынша, коммуналды қызметтер ақысын өсіру біріншіден электрқондырғыларын жаңартуға жағдай жасамақ. Апатты жағдайлардың алдын алуға ықпалын тигізбек.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында заңды тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 23 теңге 81 тиын болған. Ал өзге тұитынушылар үшін жарық құны өзгермеген. Келер айдың басында бұқара коммуналдық қызмет түрі үшін қанша төлейтіні әзірге белгісіз. Нақты қорытынды 10 күннен кейін мәлім болады. 

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...