ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

20:50, 11 қазан 2019

Қостанайда қазан айының 23-нен электр энергиясы үшін тариф бағасы көтерілуі мүмкін. «Қостанай энерго орталығы» серіктестігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне электр қуатының әр киловатын 1,7 процентке өсіру жөнінде тапсырыс беріпті. Бұл мәселе сала мамандарының қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Бүгінге дейін бір киловатт энергия үшін тұтынушылар 17 теңге 46 тиын төлеп келеді. Қазіргі қолданыстағы тариф бағасы бойынша қаржылық жетіспеушілік бар. Біріншіден, өндірістік шығын мөлшері көбейді. Жанар-жағармай мен қондырғылардың қымбаттауы – тарифті өсірудегі негізгі себептер осы.

Сондықтан, жарықпен қамтамасыз етіп отырған мекеме табиғи монополияға қарсы агенттікке электр қуатының әр киловатын 1,7 процентке өсіру жөнінде тапсырыс беріпті. Бұрын электр энергиясының құны 17,46 теңге болса, 23 қазаннан бастап, 17,77 теңгеге өсуі мүмкін.

Жалпы, жарықпен қамтамасыз етіп отырған энерго орталықтар техникалық жаңғырту шарасын белсенді жүргізуде. Мамандардың айтуынша, коммуналды қызметтер ақысын өсіру біріншіден электрқондырғыларын жаңартуға жағдай жасамақ. Апатты жағдайлардың алдын алуға ықпалын тигізбек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар