ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ

20:33, 13 қыркүйек 2018

2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес, облыста газдандыру мәселесі жоспарға сай орындалуда. Биыл ауыл-аймақты көгілдір отынмен қамту жобаларына 5 млрд. теңге бөлінді. Мамандардың мәліметінше, Тобыл елді мекенінен Әулиекөл ауданына дейінгі аумаққа жоғары қысымды магистралды газ құбырлары орнатылды. Көп күттірмей ауылдықтар көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

2010 жылы Қазтрансгазаймақ, Қазмұнайгаз және облыс әкімдігі  3 жақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Маңызды құжат негізінде Қазтрансгазаймақ акционерлік қоғамы инвестициялық бағдарламаны іске асыруға кірісті.  Ол 2020 жылға жоспарланған Ауыл- аймақтарды көгілдір отынмен қамту мақсатында 7 млрд теңге бағытталды.

Осыдан 2 жыл бұрын Қарабалық ауданындағы Тоғызақ ауылы мен  Әулиекөл ауылына газ тарату желілерінің құрылысын бастауға жобалық-сметалық құжаттар  әзірленді.  Көгілдір отынмен  Денисов ауданына қарасты Антонов және Алчанов ауылын ың тұрғындарын қамту жоспарланған. Былтыр Қазтрансгаз аймақ 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтады. 

Тобыл ауылынан Әулиекөл селосына дейінгі аумаққа магистралды газ құбырын салу - меморандум аясында Қазтрансгазаймақ қолға алған ең ірі жобалардың бірі.  Негізгі құрылыс аяқталды. Ұзындығы 130000 метрлі жерасты газ құбыры тартылды. Бұл жұмыстарға 5 млрд теңге көлемінде қарджат жұмсалды. Аталған жобалар сәтті жүзеге асса, өркениеттің жайлылығын жақын арада мыңдаған  отбасы сезінетін болады.  Бұл өз кезегінде елді- мекендердің әлеуметтік, экономикалық ахуалын  жақсартыға ықпал ететіні талас тудырмайды.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС: 287 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС: 287 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 17 қыркүйек 2018
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:32, 14 қыркүйек 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар