ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Елбасы тау-кен саласын автоматтандыруға арналған жобаны іске қосты Телекөпір: «Ақылды карьер» іске қосылды

20:30, 6 желтоқсан 2017

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тау-кен саласын автоматтандыруға арналған жобаны іске қосты. Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі Қашар кентінде «ақылды карьерді» ашты. Мемлекет басшысы жобаның жауапкершілігі зор екеніне баса назар аударды. Елбасы цифрлы технологиялардың маңыздылығын атап өтіп, бұл басты міндет екенін ескертті.

Қашар елді  - мекеніндегі «Ақылды кен орнының» іске қосылуын  тікелей эфир арқылы млндаған қазақстандық  тамашалай алды. Ел үшін елеулі жобаның  ең басты ерекшелігі – мұндағы өндіріс процессі автоматтандырылған. Яғни,  компьютер арқылы басқарылады.  

Ашық әдіспен жұмыс істейтін кен орындарына бұл таптырмайтын тәсіл. Ауыр жүк көліктерінің келіп кетуі, кенді тиеу жұмыстары кеншілерге алдын ала хабарлама ретінде келіп тұрады. Инвестициялық жоба шығындардады оңтайландырады. Шикізатты тасуға кезек күтетін көліктердің легін қысқататады. Ақылды кен жүйесі техникалардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Және кен орнында болатын апаттарды алдын  ала болжап тұруға мүмкіндік береді.

Жоба құны  3 млрд 200 млн  теңге тұрады. Кен орнында 3 мыңнан артық адам  еңбек етеді. Нысанды іске қосу алдында  инженер - техник  мамандары арнайы оқытудан өтті. Инновациялық жоба тау- кен өндірісін 10% арттырады. Алдын  ала жасалған болжам бойынша жылдық табыс шамамаен 2 млрд теңгені құрамақ. Өнеркәсіптерде инновациялық компьютерлік басқару жүйесін енгізу - Елбасының тікелей тапсырмасы. Индустрияландыру картасының екінші бесжылыдғында  отандық кәсіпорындар  осыған басымдық берілген. Нақ осындай жобалар  өнім сапасын жақсартып, еңбек өнімділігін арттыратынын атып өтті Мемлекет басшысы.  

Жалпы, Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанға сырттан 300 млрд. Ақш  доллары тартылды. Ең ірі инвесторларды атап айтар болсақ, Нидерланды, АҚШ, Швейцария және Франция. Бүгінде елімізде ондаған  трансұлттық  корпорацияылар жұмыс істейді. Тіпті, дүние жүзіндегі дағдарыс 2014-2016 жылдары  Қазақстанға сырттан қаржы тартуға еш кесірін тигізбеді. Соңғы 3 жылда ұлттық экономикамызға  60 миллиард доллар құйылды. Бұндай нәтижеге ең әуелі еліміздегі инвестициялық саясаттың арқасында жетіп отырғанымыз анық. Алдағы 5 жылда  Қазақстан  25 мемлекетпен 158 жобаны бірлесе жүзеге асырмақ. Инвестиция көлемі .49 млрд. Доллардан аспақ. Бүгінде құны 20 млрд долларға бағаланған 76 жоба іске қосылды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпірдің толық нұсқасын арнамыздан 22.00-де көре аласыздар.

Тақырып бойынша материалдар

Елді мекендерге газ құбыры тартылды
18:11, 13 желтоқсан 2017
Елді мекендерге газ құбыры тартылды
Толығырақ...
Әмбебап жылу қазандығы құрастырылды
20:39, 12 желтоқсан 2017
Әмбебап жылу қазандығы құрастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...