ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР САРАЛАНДЫ

20:17, 4 ақпан 2020

Тобыл қаласында биыл бірқатар инвестициялық жобалар пайдалануға берілмек. 2020 жылы бройлер еті мен сүт өнімдерін өндіретін агроөнеркәсіпкешендерінің құрылысы басталмақ. Нәтижесінде, ондаған жұмыс орны ашылады. Алайда, кейбір мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы көңілге қонымсыз. Мысалы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тек 100 бас ірі қара сатып алынған. Жоспар тек 60 пайызға орындалған. Экономикалық әлеуеті жоғары саналатын ауданда түрлі бизнес бастамаларды іске асыруға мол ммүкіндік бар. Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов осыған баса көңіл аударды.

Тобыл қаласында былтыр атқарылған іс-шаралар алқалы жиында талқыланып, нәтижесі сараланды. Шағын шаһардың  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші негізі  жаман емес. Баяндамашының мәліметінше, экономикаға тартылған инвестиция 15 млрд. 867 млн. тенгені құрады.  Өнеркәсіп өндірісі  де едәуір артқан.   24 млрд. теңгенің өнімі шығарылыпты. Еңбекшілердің жалақы көлеміне қарап-ақ  тұрғындардың   тұрмысы  түзелгендігі байқалады.

Ауданда еңбекақының орташа көлемі – 111  мың теңгеге жеткен. Жыл басынан бері  42 мың. шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды. Өсім  12% тең. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде  Заречное ауылындағы «Северный» ықшам ауданында  171 жеке тұрғын үй салынды.  Биыл елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету  жұмыстары  да қолға алынбақ.

Көлік инфрақұрылмы да дами түспек.  Тобыл қаласында 12 көше биыл жаңа кейіпке енбек. Және де, Мичурин, Майкөл, Вламиров ауылдарындағы  жолдар  қалпына келтірілмек.  Оған жарты млрд. теңге қаражат  жұмсалады. Аймақта жаңа кәсіпорындар салынып жатыр.   Қазіргі күні  3350 бизнес субъектісі жұмыс істейді. 1 млрд 298 млн теңге сомасында 40 жоба қаржыландырылды. Жуков ауылында  бройлер ет өнімдерін өндіретін инновациялық агроөнеркәсіп кешенінің  іргесі қаланбақ. Қуаттылығы 2 мың тоннаны құрайтын жобаның құны 500 млн теңгеге шығып отыр.  70 жұмыс орны ашылады.

Аудан активімен өткен кездесуде астық түсімі де тілге тиек етілді. Жыл сайын бидайы бітік шығатын Қостанай ауданындағы егінжайлардан  былтыр  239 мың тонна астық алынды. Ала-жаздай болған аптап ыстық салдарынан алқаптағы өнім азайғаны айтылды.  Орташа шығым гектарына 10  центнер деңгейінде болды. 

Егістікпен қатар мал шаруашылығын дамытуға да қолдау болғанымен,  көрсеткіш көңіл жұбатпайды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар тек  60 пайызға орындалған. Осы кемшіліктерді түзетуді ескертті Ғаез Нұрмұхамбетов. Және ауыл шаруашылығы технкалары көптен бері жаңартылмай келеді. 12  пайызға да жетпейді.  Облыс көрсеткіші бұдан біршама жоғары екенін айта кеткен жөн. Ауыл ахуалын жақсартып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру аудан басшыларының басты мақсаты. Ал, облыс орталығына іргелес  орналасқан ауданның әлеуеті қашанда жоғары бағаланған. Сондықтан мемлекет ұсынған  тиімді бағдарламаларды пайдалану  керектігін тапсырды  облыс әкімінің бірінші орынбасары. Сондай-ақ, жер-жерде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызу қажет екендігін айтып өтті. Ал, бұл бағыттағы жұмыстар өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне оң әсерін тигізері анық.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар