ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ

13:05, 12 сәуір 2019

Санаулы күндерден кейін көктемгі дала науқанының көрігі қызады. Осыған орай, облыс диқандары дала жұмыстарына қызу әзірлік үстінде. Шаруалар мемлекеттен жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май алып, тыңайтқыштар мен тұқымға бөлінген субсидияның арқасында биыл мол өнімге қол жеткіземіз деп үміттеніп отыр. Қазіргі сәтте құрал саймандарын қамдап, еңбек майданына әзірленіп жатқан диқандар қауымының тірлігі жайлы тілшіміз баяндайды.

Василий Касаткин жұмыс істейтін серіктестік Қостанай ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі. Мұнда техника паркі толықтай дерлік жаңартылған. Себебі құрал – сайманы сай адамның ғана ісі алға басып, сапалы мол өнім жинауға мүмкіндігі көп. Мына қаз-қатар тізіліп тұрған «Бьюллер» маркалық тракторлар көктемгі егіс жұмыстарына сақадай сай. Жаңа техника механизаторға жайлы, көп сынбайды, ең бастысы өнімділігі өте жоғары.

Биылғы жылға да диқан қауымы үлкен үміт артып отыр. 5 мың гектар алқапқа дән себеміз дейді олар. Көктемгі дала жұмыстарына да бар ынталарымен дайындалып жатыр. Сөздерінше, 95 пайыз әзір. Мемлекет те қарап отырған жоқ, белсенді түрде шаруаға қол ұшын беруде. Қамбаға мол өнім құю үшін егін алқаптарының күтімін де келістірудеміз дейді шаруа қожалығының бас агрономы.

Бір сөзбен айтқанда, диқандар  дала жұмыстарына толықтай дайын екендерін меңзейді. Ауа-райы қолайлы болса, еңбекші қауым ертең-ақ, егістік алқаптарына аттануға әзір. Қазір танаптарда ылғал жабу жұмыстары жүріп жатыр. Ал аймақта жаппай дән себу науқанын мамыр айының ортасында бастау жоспарланып отыр. 

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
20:30, 7 маусым 2019
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
20:32, 30 мамыр 2019
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...