ШҰҒЫЛ! ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ Толығырақ

ЕГІН ОРАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:30, 12 тамыз 2019

Қостанайда жаз бойы тұрған ыстық аптаптан егін алқаптарының 20 пайызы күйіп кеткен. Диқандардың айтуынша, мұндай қуаңшылық соңғы рет 35 жыл бұрын болған. 3 аптадай тұрған шіліңгір ыстық егіс алқаптарына зиянын тигізгені анық. Масақтар толығымен пісіп жетілмеген, ал егін оратын кезең болса күн санап жақындап келеді. Тамыз айының ортасынан бастап техника алқаптарды оруға жұмылдырылады. Бірақ, шілде айында орнаған аптап ыстық салдарынан кейбір елді-мекендерде егіннің бітік шығуы екіталай деді мамандар облыс әкімдігінде өткен алқалы жиында. Бейнеті көп жұмыстан диқандар қандай береке күтетінін тілшіміз айтып берсін.

Шілденің шіліңгір ыстығы, ылғалдың аз түсуі – диқандарға биыл біраз қиындық тудырды. Мамандардың айтуынша, биылғы жылдағыдай қуаңшылық соңғы рет 84-ші жылдары болған. Жауын-шашынның кемдігі аптапты ыстық егіннің 5/1 бөлігін күйдіріп жіберген. Салдарынан, табиғи шабындықтың шығымы нашарлаған. Қазірдің өзінде диқандар бір түйір дәнді шашау шығармай жинап алу қамында жүр. Жиын-терімнің әлі ерте екеніне қарамастан, шаруа  қауымы күні-түні егін басында. Мақсат – піскен астықты ысырап қылмай, уақтылы жинап алу. 

Егіннің биыл аз шығуына байланысты астықтың бағасы да шарықтап тұр. Тоннасына – 80 мың теңге. Қуаңшылықтың салдарынан, өңірде малға қажетті шөптің жағдайы да мәз емес. Шөптің биылғы мөлшері былтырғы жылдарға қарағанда төменірек. Осыған орай, облыс әкімі өңірде бір жарым жылдық қор жасауды ескертіп, облыста қанша мал қысқа түсетінін анықтап, қанша пішен қажет екенін есептеп шығаруды тапсырды.

Мамандар шөп жетеді, қыстан малды аман алып шығамыз деп сендіріп отыр. Дегенмен, өңір басшысы мал азығын дайындау мәселесін жіті бақылайтынын айтты.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТМД МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
20:30, 11 қазан 2019
ТМД МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
20:50, 11 қазан 2019
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: АНЫҚТАМАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ
20:46, 11 қазан 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: АНЫҚТАМАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕ ҚОЛЖЕ...
Толығырақ...