ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕГІН ОРАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:30, 8 тамыз 2019

Қостанайлық диқандар келесі аптада күзгі дала жұмыстарына кіріспек. Дегенмен, көпшілікті астық шығыны мен шығымы алаңдатып отыр. Жаз бойы тұрған аптап ыстықтан бірқатар аудандардағы танаптар күйіп кеткен.

Владимир Черненко жаз бойғы аптап ыстықты ешқашан көрген емес. Үш аптадай тұрған шіліңгір ыстық тәжірибелі шаруаға зиянын тигізгені анық. Масақтар пісіп-жетілмеген. Ал егін оратын кезең күн санап жақындап келеді.
 

Биылғы қуаңшылық жылда егін бітік шығатын аудандарды да айналып өтпеді. Облыстағы егістің 15 проценті күйіп кетті. Әсіресе, оңтүстіктегі танаптардың жағдайы қиын.  
 

Шаруалар құрғақшылықтан өз алқаптарын сақтандыруға асық. Бүгінде екі қожалық агросақтандыру жүйесіне жүгініп, өтемақыға өтініш берген.
 

Күзгі дала жұмыстары кезінде диқандар шамамен 5 млн гектардай алқаптан өнім алады. Осы мақсатта арзандатылған бағамен 75 мың тонна дизельді отын бөлінген. Сыйымдылығы 8 млн тоннаға жуықтайтын астық қабылдау кәсіпорындары дайын тұр.  

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...