ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ ТОҚТАП ТҰР

20:38, 22 мамыр 2020

Қостанай облысында егін егу науқанына жаңбыр кесірін тигізіп жатыр. Алқаптардың төрттен үш бөлігіне әлі дән себілмеген. Жылда ылғал түсімі аз болатын оңтүстік өңірлердегі жағдай да осындай. Мысалы, Қамысты ауданында санаулы күндерде бір айлық орташа жауын-шашын мөлшері түскен. Аумақта нөсерлі ауа райы соңғы рет 30 жылдан артық бұрын тіркеліпті. Дегенмен, жергілікті диқандар жер жырту жұмыстарын уақытылы аяқтайтындарына сенімді.

Механик Жәдігер Бұрбаев 3 күн бұрын егіс алқабында жаңа техниканы сынақтан өткізуі тиіс еді. Алайда жаңбыр салдарынан оның бәрі тоқтап тұр. Көктемгі дала жұмыстарына сайланған заманауи техникалар шаруашылықта осылайша бос тұр. Серіктестік соңғы 3 жылда миллиардттаған қаржы жұмсап машина-трактор паркін толығымен жаңартты. Салдарынан еңбек өнімділігі айтарлықтай артып отыр. Былтырғы қуаңшылық Қамысты ауданы аграрийлерін әбігерге салып, өнімсіз қалдырды. Астық шығымдылығы гектарынан екі центнерден әрең асты. Шағын шаруашылықтар мол шығынға батып, жұрдай болудың алдында тұрды. Егін егу науқанын өткізуге қаржы да, тұқым да болмады. Тығырықтан шығуда мемлекет қолдау танытты. Мамырдағы жауын-шашынның бір айлық мөлшерден асуы қамбаға мол өнім құйылатынына сенім ұялатады. Борис Князев басқаратын шаруашылық 110 мың гектарға бидай сіңіреді. Қазіргі уақытша үзілісте кеткен есені жоғары технологиялы кешендердің арқасында қайтарып аларына сенімді.Биыл облыста 5 млн гектар алқапқа дәнді-дақылдар егіледі. Жердің 27 проценті жыртылып бітті. Шаруалар егін егу науқаны маусымның 1-не дейін аяқтауды жоспарлайды.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІР ӨНЕРКӘСІБІНЕ 23,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
20:30, 27 шілде 2020
ӨҢІР ӨНЕРКӘСІБІНЕ 23,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...