ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ДИХАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕСЕЛІ

20:39, 18 қараша 2019

Жыл сайын күзгі жиын-терін аяқталған соң өтетін дәстүрлі ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні Алтынсарин ауданында да аталып өтті. Салтанатты жиында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үздіктер марапатталды.

Ауыл – алтын бесік болса, ауыл шаруашылығы саласының мамандары шынымен құрметке лайық. Алтынсарин ауданының дихандары биыл ауа-райының қолайсыздығына қарамастан егін орағын жылдағыдан өнімідірек жинады. Аудан әкімінің орынбасары салтанатты шарада осылай деп атап өтті.

Ауыл шаруашылық саласы мамандары бұл жолы да дәстүрге сай өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Мұнда астықты өлкенің байлығы бидайдан бастап, нан, ет ,сүт өнімдері қойылды. Аудан бойынша астық жинау науқанының үздіктері де анықталған.Олар: «Айдала» ЖШС-16,0 гектардан центнер, «Зуевка» ЖШС -12,9 ц/га және «Парасат» агрофирмасы – 12,1 ц /га өнім берген.

Салтанатты жиында тек озат ауылшаруашылығын емес сондай – ақ үздік жұмысшыларды да ардақтады. Мыңдаған тонна астық жинаған комбайншылар, меахнизаторлар. Сахнаға өндіріс озаттарын да шақырды. Жарты ғұмырын жер анаға арнаған ардагерлерге деген құрмет ерекше.

Келесі жылға тапсырмалар айқындалған. Жаңа сорттарды алу үшін 1500 тонна элиталық тұқымдарды алу жоспарланып отыр. Аудан басшылығы әлеуметтік мәселелерге бей жай қарамайтын меценаттарға алғысын білдірді. Жиынның соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты. Өнер иелері ән мен жырдан шашу шашып, мерекенің қызығын қыздырды.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...