ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯ: ОҒАН ҚАЛАЙ ҚОСЫЛАМЫЗ?

20:44, 4 шілде 2019

Өңірімізде 1-ші шілдеден бастап, баламалы телетаратылым дәуірі аяқталып, облыс цифрлы эфирлік хабар тарату желісіне қосылды. Жаңа жиіліктегі стандартқа сәйкес, өңіріміздің 627-і елді мекені жаңа стандарттағы хабар желісімен қамтылды. Кейбір тұрғындар қазірде цифрлық арнаны көру үшін қандай құрылғы орнату керектігін білмей жатырмыз, деп редакциямызға хабарласты. Осыған орай, сала мамандары сандық телеарнаға қалай қосылу керектігін түсіндірді.

Қостанайлық зейнеткер Бектай Әлмағанбет - бос уақытының көп бөлігін теледидар алдында өткізетін айтады. Цифрлық эфирлік телевизияның келуі – сиқырлы жәшіктің алдында тәп-тәуір демалуымызға дәрменін тигізуде дейді қуанған зейнеткер. Кереметтігі сол, қай арнаны қоссаң да, сапалы әрі анық көрсетеді. Әуендер арнасы құлақ құрышын қандырса, «Қостанай» арнасынан өңір жаңалықтары мен сүйікті бағдарламаларымды қараймын. Құрылғышты қосу да қиын емес. Мамандар бәрін түсіндіріп, тіпті үйіме дейін келіп қосып берді дейді қуанған көрермен.

Ел арасында бүгінде «Qazaqstan», «Хабар» секілді отандық арналар ауылдық жерлерде бұдан былай көрсетілмейді екен» деген алып-қашпа әңгімелер жиілеп кеткен. Иә, рас, аналогты сигнал бойынша ол арналар көрсетілмейді. Оның орнына сапасы жоғары цифрлы эфирлік таратылым келді. Оған қосылу үшін сандық қосылғыш сатып алу керек. Қосу қиын емес. Жоғары жиілікті қосылғыштың екі кірісі болады. Екі кірістің жұмысының нәтижесінде абоненткез-келген каналын таңдауға және дабылды тасымалдау жиілігін ауыстыруға болады дейді мамандар.

Астықты аймақ сандық жүйеге көшкендердің  алғашқысы.  Мұнда қазір 59 телерадио мұнара бар. Оның 32-сі жаңадан тұрғызылса, 27-сі қайта жарақтандырылған. Нәтижесінде 27 отандық телеарна цифрлық эфирлік форматта таратылады.

Цифрлық телевизия - жаһанда болып жатқан жаңалықтан халықты құлағдар етуші, тіпті оқиға орнынан тікелей түсірілім жасап, жедел хабар тарату әлеуетіне ие. Цифрлы хабар таратудың артық-шылықтары мұнымен шектелмейді. Тағы бір ерекшелігі басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Хабарлардың электронды бағдарламасы, жаңалықтар мен өзгерістер поштаға да келіп тұрады екен. Цирлық сигналдың болашағы зор екені айтпаса да түсінікті.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ӨҢІРГЕ 230 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
20:42, 21 қараша 2019
БИЫЛ ӨҢІРГЕ 230 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...