ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ 2021-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

20:09, 19 қараша 2020

Биыл Цифрландырудың жол картасы аясында облыста 69 жобаны іске асыру межеленген. Белгіленген жоспардың 90 пайызы орындалды. Ақылды технологиялардың артықшылығын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сезініп отыр. Жұмыс процесі автоматтандырылған кәсіпорындарда өнімділік көрсеткіші артып, шығын қысқарған. Цифрландыру элементтерін енгізуде инвестициялық салымдар үлесін арттыру керек. Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы жауапты сала қызметкерлеріне осындай тапсырма берді.

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын сапалы іске асыру үшін цифрландырудың жол картасы түзілді. IT технологияға негізделген бастамалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп секторына қатысты. Іскер жандар цифрлық жүйенің артықшылығын сезінгендерін айтады. Мысалы, «Баян Сұлу» фабрикасындағы  өндіріс желілерінің бірі толық автоматтандырылған. Нәтижесінде  кәмпит өндірісі 8,6 мың тоннаға дейін артқан.  Экономикалық өсім – 3,3 млрд. теңгеге жеткен. Ақылды  технологиялар ет, сүт фермаларына және егіншілік шаруашылығына  енгізілді.

Цифрландыру білім беру саласын қамтыған. Бүгінгі таңда бала бақшаға кезекке тұру үшін өтініш беру электронды түрде іске асырылады. Барлық мектептер жоғарыжылдамдықты интернетке қосылған. Сабақ барысында электронды күнделіктер қолданылады.   Компьютерлік техника 50 процентке жаңарды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 52 елді-мекен  жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған.

Автоматтандырылған жүйенің арқасында медициналық мекемелер де қағазбастылықтан арылып келеді.

Сол сияқты , интернет - дүкендер, онлайн  сауда – саттық қарқынды дамып келеді.    Осы бағытта 11 050 POS-терминал орнатылды. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 23,3% көп.

Пандемия цифрдандыру қарқынын күшейтті. 2021-2022 жылдарға арналған Цифрландырудың жол картасы әзірленбек. Оған енгізілетін жобалардың санына емес  сапасына басымдық берілмек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...