ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

БЮДЖЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ – ТИІМДІ ҚАДАМ

18:00, 15 мамыр 2019

Мәслихат отырысында 2018 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы талқыланды. Жалпы, былтырғы жылдың нәтижесі оң бағаға ие. Мысалы, қазынаға түскен кіріс молайған. Инвестициялық салымдардың артуы білім, денсаулық, тұрғын үй коммуналдық шаруашылғында бірқатар жобаларды жүзеге асыруға мүміндік беруде. Қазына қаражатын рәсуа етпей, тиімді жұмсауды тапсырды облыс әкімі.

Есептік кезеңде  бюджет  2,2  млрд теңгеге толықты. Көрсеткіш 101 пайыздан асып, белгіленген жоспар артығымен орындалды. Бюджеттік бағдарламаларды сапалы орындау мен қаржыны тиімді игеру бағытында ілгерілеушілік байқалады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Тобыл өңірі республикада алдыңғы сатыға жоғарылады.     

Бюджеттің орындалу  барысын баяндаған басқарма басшысы 4 млрд 500 млн теңгенің  әлеуметтік салаға жұмсалғанын мәлімдеді.    14 мың аз қамтылған отбасыға  атаулы әлеуметтік  көмек көрсетілді. Тұрғын үй құрылысы бойынша  12 млрд теңге  игерілді.  Инженерлік инфрақұрылымдық  желілерді тартуға 7,2 млрд. жұмсалды.  Бүгінде Нұрлы жер бағдарламасы бойынша «Юбилейный», «Береке», «Қонай» шағын аудандарына инфрақұрылым тартылып,  аумақ  көркейіп келеді.    Білім беру саласындағы әлеуметтік нысандарды жөндеуге қазынадан қомақты көлемде қаражат  қарастырылған. 

Архимед Мұхамбетов айтады, алдағы уақытта қазақстандық ипотекалық компания арқылы  дәрігер, мұғалімдерді баспанамен қамту жұмыстары қолға алынады.   2 жыл ішінде аталған сала мандарын  400 пәтермен қамту межеленген.

Көлікті логистика реттелесе, аймақ экономикасына сырттан қаржы көптеп тартылады. Инвестициялық салымдардың артуы осындай ілкімді жобаларды жүзеге асыруға  мүміндік беруде Қазына қаржысын тиімді пайдалану және  нысандарды мерзімінде тапсыру . Облыс әкімі осыны қадап ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЕРЕК
20:37, 24 мамыр 2019
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...