ШҰҒЫЛ! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

20:30, 15 мамыр 2018

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бюджет шығыстары 45 млрд теңгені құрады. Қаражат әкімшілік бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінді. Оның 13 млрд теңгесі, яғни 30 пайызы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына бағытталды. Қостанай қалалық мәслихат депутаттарының алдында есеп берген мамандар қаржының қандай салада игерілмегенін жеткізді.

Сала қызметкерлерінің айтуынша былтырғы жылы кіріс артығымен орындалыпты. Жергілікті қазынаға түскен табыс көлемі өткен кезеңдермен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артық. Өсім 25 пайызға тең. Бюджет шығыстары 45 млрд теңгені құрады. Қаражат кезек күттірмейтін ең өзекті мәселелерді шешуге жұмсалды.

Көліктік логистиканы  дамытуға бағытталған  қаражат та   игерілді. Былтыр бірқатар көшелер жөнделіп, жаңа келбетке енді. Инфрақұрылымдық жобалар белгіленген мерзімде тапсырылды. Сондай-ақ, 9 млрд 849 млн теңге білім беру саласына, осынша көлемде қаражат құрылыс секторына  бөлінді.

Жиын коммуналдық кәсіпорындарға  шығынды оңтайландыру тұрғысында тапсырма берілді. Әр тиынды - тиімді жұмсау. Басқарма басшыларына қойылып отырған басты талап осы.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНДЫРУ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ
18:06, 25 мамыр 2018
ЦИФРЛАНДЫРУ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСУДЕ
18:03, 25 мамыр 2018
КӘСІПКЕРЛІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
20:35, 23 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
20:43, 18 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...