ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 12 МЫҢ КӨЛІК ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

18:00, 16 қаңтар 2019

Биыл Қостанайда 20 мың автокөлік шығарылмақ. Оның басым бөлігі ішкі нарыққа жол тартады. Жергілікті зауыт құрастырған көліктерге Әзірбайжан елі де қызығушылық танытып отыр. Экспорттық әлеуетті жақсарту бағытында осы аталған мемлекетпен тиімді әріптестік байланыс орнатылды. Жалпы былтыр қазақстандық көлік құрастыру саласы үшін бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойылды.

Өндіріс көлемі мен экспорттық әлеуетті арттыру. Сарыарқа автоөндірісі серіктестігінің  стратегиялық жоспары. Биыл облыста  20 мың көлік шығару межеленген. Өңірде жасалған машиналар  Әзірбайджан елінің нарығына  да жол тарпақ.

2018 жыл Қостанайдағы автокөлік құрастыру зауыты  үшін жемісті болғанын айтады компания басшылары. Қытайлық инвесторлар машина жасау саласындағы әріптестікке ұмтылып отыр. Аспан асты елінің инвесторлары Тобыл өңірінде  жаңа брендтегі автомобильдерді шығаруды көздейді. Былтыр  «СарыарқаАвтоӨндіріс» кәсіпорнымен  қытайдың   трансұлттық мемлекеттік компаниясының капиталына кіруі туралы инвестициялық келісімге қол қойылған болатын. Қос мемлекет арасындағы тиімді  әріптестік негізінде автомобиль өндірісінің  даму қарқыны артып, экспорттық әлеуеті ұлғаятын болады. 

Соңғы жылдары өңірімізде машина құрастыру көрсеткіші екі есе өсті. 2018 жылы Сарыарқа автоөндіріс серіктестігінде 12 мың көлік құрастырылса, биыл  бұл көрсеткішті 20 мыңға  жеткізу жоспарланған. Қостанайда 2023 жылы ең кем дегенде 63 мың  көлік шығару межеленген. Оған   кәсіпорынның әлеуеті де мүмкіндігі де жеткілікті. 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:37, 19 наурыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
20:38, 18 наурыз 2019
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар