ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

БИЗНЕС БАСТАУЫ - БӨДЕНЕ

13:04, 11 қаңтар 2019

Баптап бақсаң – бір уыс құс бөдене де берекеге кенелтеді. Қостанай қаласының тұрғыны Сақтаған Бақбасов бұған іс жүзінде көз жеткізген. Ол үйінің ауласында бөдене өсіреді. Табысы тасып жатпаса да, пайдасыз емес. Мүмкіндік болса ол алдағы уақытта құстардың санын көбейтуді көздейді. Елімізде сирек кездесетін бөдене өсіруді кәсіп еткен азаматтың үйінде Дәуренбек Әбдібек болып қайтты.

Бөдене асырау үшін ең бастысы көп орын қажет емес. Мысалы мына 10 шаршы метрге жетпейтін жерде 300 құс тұр. Олар арнайы жәшіктерге орналастырылған. Алдына жем салынған, су автоматты түрде келіп тұр. Бұлардан бір күнде мынадай 100 жұмыртқа алынады.
 

Сақтаған Бақбасов 20 бөдене сатып алып өз кәсібін осыдан үш жыл бұрын бастаған. Тынымсыз еңбектің арқасында олардың санын да көбейтті, күтіміне жайлы етіп қорасын да жабдықтап алды. Суықта бөдене жұмыртқаламайды. Қысы қатты солтүстікте оның жыл он екі ай өнім беруі үшін жылы жер керек. Сондықтан бұл жерде қандай суықта да ауа температурасы бірқалыпты.

Бөдене жұмыртқасының нарықтағы құны 20 теңгеден кем емес. Ал етінің келісі 3 мыңнан асады. Сақтаған бұл құстың өніміне сұраныс жоғары екенін айтады. Себебі бөдене жұмыртқасы мың дертке дауа.
 

Сақтаған Бақбасовтың қазіргі тұтынушылары көрші-көлемімен таныстары ғана. Ол алдағы уақытта кәсіпкерлер палатасы мамандарымен кеңесіп, шағын несие алуды көздейді. Мақсат - құстың санын көбейтіп, өнімін сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындарына да өткізу. Осылайша кәсібінің аясын кеңейту.


Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

«7 – 20 -25»: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
20:32, 20 наурыз 2019
«7 – 20 -25»: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:37, 19 наурыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...