ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

БИЫЛ ӨҢІРГЕ 230 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

20:42, 21 қараша 2019

Қостанайлықтар елордада жұмыс істейтін шетелдік инвесторлардың тәжірибесіне жүгіне алатын болды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы осындай ұсыныс жасап отыр. Тобыл өңірінің бизнес өкілдерімен олар өзара іс-қимыл тетіктерін бөлісуге және ынтымақтастық туралы меморандум жасауға дайын. Сол сияқты, жоспарға инвестициялар тарту және ірі қаржыгерлермен жұмыс істейтін аймақтық орталықтың іске қосылуы кіреді. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша әрекет етеді, әрі бизнес, мемлекеттік және шетелдік серіктестер арасында тығыз байланыс орнатады.

Ағымдағы жылдың 10 айында Қостанай облысына 230 млрд. Теңге инвестиция тартылды, сыртттан құйылған қаржының үлесі 30% -ға өсті. Оның себебі, жыл сайын облыста шетелдік серіктестер көбейіп келеді. Сондай-ақ,бірлескен кәсіпорындар ашылуда. Сол үшін де бүгінде шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату мәселесі бірінші орынға қойылып, облысымыз аймақтық деңгейде қаржы тартудың орталығын құруды жоспарлап отыр.

Әлеуеті жоғары бағыттар айқындалды. Енді, алдағы 5 жылға арналған жоспарды орындауға кірісу керек. Ол үшін бизнесмендер үшін қомақты қаржы қажет. Ақшаны қайдан алуға болады?  Мәселен, идеясы бар, бірақ оны іске асыруға қаражаты жоқ кәсіпкерлер «Астана» халықаралық қаржылық орталығының көмегіне жүгіне алады. Мамандар өз кезегінде бұл шаруаға қалталы азаматтарды тартады. Бүгінде компания Нью-Йорк, Лондон, Дубай мен Сингапур сынды қалалардағы ірі қаржы ұйымдарының тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс істейді. Осылайша, 2016 жылдан бері қаржы ұйымында жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 150-ден астам келісім шарт жасалыпты.

Қазіргі уақытта өңірімізде шикізат экспортына емес, дайын тауарды сыртқы нарыққа шығаруға көп көңіл бөлінуде. Бұған басымдық беру туралы өзінің жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та атап өткен болатын.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
20:41, 12 желтоқсан 2019
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЫҢ ТЕТІКТЕРІ АЙҚЫНДАЛУЫ ТИІС
20:39, 11 желтоқсан 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЫҢ ТЕТІКТЕРІ АЙҚЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...