ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

БИЫЛ АСТЫҚ АЗ ШЫҚТЫ

20:46, 6 қыркүйек 2019

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қуаңшылықтың салдарынан егін шықпай қалған. Ауа райының қолайсыздығы Қостанай облысына да кері әсерін тигізді. Онымен қоса, соңғы күндері болған жауын-шашынның салдарынан егін жинауды уақытша тоқтатуға тура келді.

Құрғақшылық биыл шаруа қауымының жұмысын қиындатты. Жағдай мәз емес. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың мәліметінше, әр гектарынан ораққа ілінген бидай небәрі бес центнерге жетпейді.  Қуаңшылыққа төзімді деген бидай сортын ексе де өнім тым аз екен.

Сонымен қатар, арнайы комиссия мемлекеттің көмегіне мұқтаж шаруаларды анықтайтын болады. Астықтың сапасы нашар. Оны жинаудың шығыны көп дейді сала мамандары. Қазірдің өзінде ауа райының салдарынан зардап шеккен шаруалар   шығындарын есептеп, сақтандыру компанияларына өтініш беруде.

Құрғақшылықтың салдарынан жем-шөп дақылдарының өнімділігі де төмен. Гектарынан 1-6 центерді ғана құрап отыр. Осы орайда, қостанайлық шарулар ауыл шаруашылығы министрлігіне келтірілген шығындарды бөліп төлеуге ұсыныс жасады.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар